Қауіпті індеттің белгілері күн сайын анықталуда. Ағымдағы жылғы 11 мамырдағы жағдай бойынша облыс аумағында коронавирустық инфекцияның 179 жағдайы тіркелген. Оның ішінде облыс орталығы Тараз қаласында 87, Байзақ ауданында 17, Жамбыл ауданында 6, Қордай ауданында 37, Меркі ауданында 4, Шу ауданында 2 және Мойынқұм ауданында 1 жағдайдан анықталып отыр. Сондай-ақ, Үндістан елінен келген «Дели – Тараз» рейсі жолаушыларынан 6, Атырау облысындағы Теңіз вахталық кентінен келген жұмысшылар арасынан 19 індет жұқтыру дерегі анықталған.
Жалпы, бүгінде қауіпті індетті жұқтырған 84 азамат емделіп, олар үй карантиніне шығарылған. Жамбыл облыстық әкімдігінің хабарлауынша, аталған азаматтар дәрігерлердің бақылауында болады.
Жамбыл облысы