• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Мамыр, 2020

Қарағанды облысы: COVID-19-дан жазылғандардың саны 99-ға жетті

124 рет
көрсетілді

Қарағанды облысында коронавирус инфекциясынан тағы да үш адам  емделіп шықты, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жазылып шыққандардың екеуі Теміртау қаласының 1972 және 1973 жылдары туған тұрғындары. Дәрігерлер оларға жеңіл дәрежедегі КВИ диагнозын қойған болатын. Ал үшінші сауыққан адам – қарағандылық, ол 33 жаста.

Толық емдеу курсынан өткен соң және екі мәрте ПТР-талдау теріс нәтиже көресткеннен кейін пациенттер үй карантиніне шығарылды.

Соңғы келіп түскен мәліметке сүйенсек, Қарағанды облысында «жаман тұмаудан» жазылғандардың жалпы саны 99 адамға жетті.

 

 

 

Қарағанды облысы