• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Коронавирус 12 Мамыр, 2020

Әлемдегі ахуалға шолу: Еуропа елдері карантинді қалай жеңілдетіп жатыр?

184 рет
көрсетілді

Бұл топтамада әлемнің 187 елінде тараған COVID-19 вирусына қатысты соңғы жаңалықтарды жариялап отырамыз.

12 мамырда Johns Hopkins University (JHU) ұсынған мәлімет бойынша вирус жұқтырғандар саны - 4 177 504, өлім саны - 286 330, айыққандар саны - 1 456 209 адам болды (жаңартылған уақыты 09:58).

11:27

Еуропа елдері карантинді қалай жеңілдетіп жатыр?

Германия: дүкендер ашылып, футбол ойындары өте бастайды

Елдегі барлық дүкендер ашылуға рұқсат алды. Аумағы 800 шаршы метрден кіші дүкендер 20 сәуірден бастап жұмыс істеп тұр.

Мектептер жартылай ашылды. Бастауыш сыныптары мен экзамен тапсыратын оқушылар мектепке барады. Ал қалғандары жазғы семестрден бастап қайта білім алуға мүмкіндік алады.

Немістің ұлттық футбол лигасы Бундеслига 16 мамырдан бастап көрермендерсіз ойын өткізеді.

Адам көп жиналатын ірі шаралар мен фестивальдер тамыз айының соңына дейін болмайды.

Францияда енді жүріп-тұруға арналған анықтама қажет емес

17 наурыздан бастап француз халқы көшеде жүру үшін арнайы рұқсатнама көрсетуі керек болған. 11 мамырдан бастап бір жерден екінші жерге бару үшін ресми себептің болуы міндетті емес.

Көлікпен өз үйінен 100 км қашықтыққа дейін саяхаттауға болады. 

Карантин жеңілдегенімен Париж және кейбір өңірлер әлі де қауіпті «қызыл аймаққа» жатады. Онда саябақ пен скверлер және 11-18 жас аралығындағы оқушыларға мектептер жабық.

Қауіпсіз «жасыл аймаққа» жататын елді мекендерде мектептер 11-15 жасар оқушылар үшін келесі аптадан бастап ашылады. 

Дүкендер, демалыс орындары ашылғанымен мейрамханалар мен барлар әзірге жабық.

 

Ирландияда жазда шағын үйлену тойларын өткізуге болады

Елдегі төтенше жағдай 18 мамырда аяқталады.

Мектептер қыркүйекке дейін жабық болады.

20 шілдеден бастап үйлену тойлары немесе діни мерекелерді аз адаммен атап өтуге болады.

Азық-түлік дүкендерінен басқа аза маңызды емес тауарлар сататын шағын дүкендер 8 маусымнан бастап, ал көлемі ірілері 29 маусымнан бастап жұмыс істеуге рұқсат алды.

10:07

Дүниежүзінде 4 177 504 адам коронавирус жұқтырды.

286 330 адам қайтыс болды.

1 456 209 науқас құлан-таза айықты.

АҚШ-та 1 347 881 жағдай тіркелді, 232 733 адам сауығып шықты, 80 682 адам қайтыс болды.

Испанияда 227 436 жағдай тіркелді, 137 139 адам сауығып шықты, 26 744 адам қайтыс болды.

Ұлыбританияда 224 332 жағдай тіркелді, 1 015 адам сауығып шықты, 32 141 адам қайтыс болды.

Ресейде 221 344 жағдай тіркелді, 39 801 адам сауығып шықты, 2 009 адам қайтыс болды.

Италияда 219 814 жағдай тіркелді, 106 587 адам сауығып шықты, 30 739 адам қайтыс болды.