• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Мамыр, 2020

Сыбайлас жемқорлықты әшкерелеген азаматтарға 500 мың теңге берілді

226 рет
көрсетілді

Бұл туралы «ANTIKOR.LIVE» жобасы аясындағы онлайн брифинг барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев мәлімдеді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің 1424 Call-орталығы тәулік бойы жұмыс істейтіндігін естеріңізге сала кетейін. Сыбайлас жемқорлыққа, яғни лауазымды тұлғалар тарапынан ақша қаражатын бопсалау, жымқыру, билікті асыра пайдалану фактілеріне күә болған кез келген азамат, көрсетілген нөмір бойынша хабарласа алады» – деді Талғар Серікбаев.

Мамандар хабарламаны қабылдап, кеңес береді және міндетті түрде тиісті шаралар қабылдайды.

-Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзгеше түрде жәрдем көрсететін адамдар үшін заңмен біржолғы ақшалай сыйақы белгіленген. Жыл басынан бері өтініштері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың жолы кесілген 3 адам марапатталды. Олардың сыйақы мөлшері 500 мың теңгеден астам қаржыны құрады, – деді спикер.

Сондай-ақ ол бірде-бір өтініш назардан тыс қалмайтынына сендірді.