• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Коронавирус 13 Мамыр, 2020

COVID-19: ДДСҰ Қазақстанды үлгі етті

151 рет
көрсетілді

ДДСҰ Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюге Қазақстанның COVID-19-бен күресудегі іс-қимылдарын бағалады.

«Қазақстан – COVID19-ға қатысты ахуалды тұрақтандыру бойынша белсенді күш-жігердің тамаша үлгісі», – деп жазды Клюге Twitter парақшасында. Осылайша, Ханс Клюге елімізді коронавирус инфекциясының таралуын тұрақтандыру бойынша белсенді әрекет етіп жатқан ел ретінде көрсетті.

Ол Қазақстанда жоғары бағаланған вируспен күрес шараларын атап өтті:

Күшейтілген бақылау; Ауқымды тестілеу, соның ішінде медицина қызметкерлерін тексеру; Деректер санын белгілеу; Вирусты жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болғандарды қатаң қадағалау және вирустың одан әрі таралуының уақытылы алдын алу; Пациенттерді дұрыс емдеу; Зерттеу.