Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтарды көпшілік жиналатын жерлерде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды. Бұл туралы ол Twitter парақшасында жазды.
- Коронавирус індетіне қарсы күрестегі оң нәтижеге қарамастан, оның таралу қаупі сейілген жоқ. Азаматтарды денсаулықтарына зиян келтірмеу үшін, әсіресе, көпшілік жиналатын жерлерде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамын. Карантин режимі жеңілдетілгенімен, әлі де сақталуда, - деп жазды Президент.