Бүгін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматыда бактериолог, иммунолог және генетика ғылымымен айналысатын ғалымдармен бірге COVID-19 байланысты жағдайды талқылайды.
Министр Алматыға бір күндік іссапары аясында бірқатар медицина мекемесін де аралап, кездесулер өткізеді.
Елжан Біртанов модульдік жұқпалы аурулар ауруханасына, санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығына, С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ мен фармацевтика зауытына, өндіріс цехына барады.