• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Мамыр, 2020

«Қазмедиа» орталығының жұмысы қатаң режимге көшірілді - министр

363 рет
көрсетілді

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева «Евразия + ОРТ» ЖШС қызметкерлерінің коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайы туралы айтты.

«Шынында да арна басшылығының бастамасымен жүргізген тест нәтижесінде екі адамның вирус жұқтырғаны расталды. Қазіргі уақытта «Қазмедиа орталығы» ғимаратының жұмысы (соның ішінде «Евразия + ОРТ» ЖШС отыратын орын да) эпедемияға қарсы қатаң режимге көшірілді. Вирус жұқтырған азаматтармен жақын қарым-қатынаста болғандар анықталып, 14 күндік үй карантиніне жабылады. Ғимаратта жұмыс істейтін азаматтардың бәрі де кезең-кезеңмен коронавирусты анықтайтын тестілеуден өтеді», - деп жазды Аида Балаева facebook парақшасында.

Министр кейінгі кезде қазақстандықтар жаппай COVID-19 бойынша тестілеуден өтіп жатқанын атап өтті. Сол себепті науқастар саны бойынша ресми статистика көрсеткіші өскен.

«Өзіңіз бен туғандарыңызға қауіп төндірмеу үшін санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың бәрін сақтауға шақырамын», - деді министр.