Бүгін Алматыда бас қосқан Қазақстан туризм қауымдастығының өкілдері Алакөлдің шығыс жағалауындағы туристік маусымға қатер төніп тұрғанын айтты.
Туризм саласы өкілдерінің пайымдауынша, Алматыда жоқ талапты Шығыс Қазақстан басшылығы ендіріп отыр. Туристік операторлар шілде айында көптеген демалыс орындарына жолдама алдын-ала сатылып кеткенін, бұл ақшаның жартысын қайтаруға тура келетінін айтады. «Өз тарапымыздан біз міндеттемелерімізді орындаймыз, яғни тур үшін алынған ақшаны бірден демалыс орындарына аударамыз. Барлық қаражат жөндеу жұмыстары мен нысанды дайындау жұмыстарына, құралдарды, төсек жабдықтарын сатып алуға жұмсалды» деп отыр операторлар.
Бұған себеп болған фактор – осы жылдың 1 маусым күні Шығыс Қазақстан облысы бас санитар дәрігер Марат Исмаиловтың «Коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу бойынша алдағы шаралар туралы» №12 қаулысы Алакөлдің шығыс жағалауындағы туристік индустрия үшін қатаң шектеулер енгізді. Нәтижесінде шағын және орта бизнес (ШОБ) ерте тапсырыс берілген тур ақшаларын қайтаруға мәжбүр болады, ал ішкі туристік трафик шектеулер жоқ бағытқа қарай ауысады. Таратып айтсақ, Алакөлдің шығыс жағалауындағы туристік индустрияны қиын жағдайға әкелген №12 қаулы нормалары: Демалыс орындарында демалатын демалушылардың саны бір уақытта жалпы жобалық сыйымдылықтың 50% аспауы тиіс. 2. Демалыс орындарына жайғасу COVID-19 зерттеуінен өткен қорытындысы туралы мерзімі өтпеген (анықтаманы алған күннен бастап 7 күнге дейін) анықтамасы болған жағдайда ғана жарамды.
Осылайша, Шығыс Қазақстан облысындағы демалыс орындары басқа туристік нысандармен тең емес бәсекелестік жағдайға қойылды. Қазақстандықтар үшін 2020 жылдың жаздық маусымында тек ішкі туризм ғана қолжетімді, ал күтпеген шектеулер мен жаңа талаптар қазақстандықтардың Алакөлдегі демалыс жоспарына түбегейлі ықпал етеді. Қазіргі сәтте ШҚО бас санитар дәрігері Қазақстан Республикасының мемлекеттік Бас санитар дәрігерінің 22.05.2020 жылғы №37 қаулысына қарағанда, аса қатаң шектеулер қоймақшы. ШҚО бас санитар дәрігері Марат Исмаилов аймақтағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты қосымша қауіпсіздік шараларын енгізу үшін өз құқығын басшылыққа алып отыр.
Қазақстандық туристік қауымдастық (ҚТҚ) орын алған жағдайға назар аударып, ШҚО бас санитар дәрігері Марат Исмаиловқа шектеу шараларының бір бөлігінің күшін жою туралы өтініш хатын жолдағаны осы жиында белгілі болды.
ҚТҚ директоры Рашида Шәйкенованың пікірінше, Қазақстанның туристік нарығы дәл қазір өз тарихында ең қатты дағдарысты басынан өткеріп отыр. Кез келген жасанды шектеулер құру ол үшін ұзақмерзімді экономикалық кедергілерге әкеп соқтырады, бұдан басқа, карантиннен шаршаған адамдарды Алакөлдегі радон көзі, емдік тұзды суы мен ерекше климаты бар сауықтыру демалысынан айырады.
Сондай-ақ Рашида Шәйкенова Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстарының қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты ахуалы бірдей екенін айтты. Алматы облысы тарапынан мұндай талаптар жоқ, ал Шығыс Қазақстан облысы тарапынан бар. «Біз бәсекелестік ортаға араласу әрекетін көріп тұрмыз, Шығыс Қазақстан туристерге қызмет көрсету мүмкіндігінен айрылып отыр. Облыс басшысы кәсіпкерлердің үнін естігенін және Шығыс Қазақстанның Алакөл жағалауындағы бұл маусым тоқтап қалмауы үшін дұрыс шешім қабылдауын қалаймын. Коронавирус пандемиясы жағдайында қосымша қауіп тудырмай, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ақылға қонымды амалдар іздеу аса маңызды» дейді ол.
Осы өтінішпен Қазақстандық туризм қауымдастығы ШҚО бас санитар дәрігеріне жүгінгенін, Шығыс Алакөлінің шағын және орта бизнесі Алакөлдің шығыс жағалауындағы қонақүй және мейрамхана бизнесінің өкілдері Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің атына ашық хат жазғанын айтты.
156 кәсіпкер қол қойған ашық хатта келер маусымда орын алатын туристік индустрияның тікелей шығындарын, сондай-ақ шығыс Алакөлдің туристік, көліктік, энергетикалық инфрақұрылымының дамуына, сумен қамту жүйесіне байланысты, әлеуметтік қызметтерді жетілдіруге шамамен 6 млрд теңге жұмсаған аймақтың экономикасына әсер ететін ұзақмерзімді шығындарды тізіп көрсеткен.
Кәсіпкерлер ШҚО әкімінен ШҚО бас санитар дәрігерінің қаулысындағы 2 тармақтың күшін жоюға ықпал етуін сұрайды. Кейбір кәсіпкерлер 2020 жылдың жаздық маусымында ешқандай табыс болмайтынына көз жеткізіп, демалыс орындарын жабу жөнінде ойланып отыр.
Шығыс Алакөлдегі демалыс орнының иесі Артем Вершинин ерте брондау жүйесі арқылы туристік маусымның басында демалыс орнының шамамен 80% орын қорына тапсырыс берілгенін айтады. Енді олар біз алдын ала белгіленген 50% сыйымдылыққа кімнің кіретінін, кімнің кірмейтінін қалай шешетінін білмей дағдарып отыр. Ерте брондаудан түскен қаражаттың барлығы да маусымның ашылуына орай, нысандарды дайындау жұмыстарына және қызметкерлер мен демалушылардың санитарлық талаптарды сақтауына жұмсалды: штат үлкейтілді, азық-түліктер сатып алынды, логистикалық қызметтердің ақысы төленді. Жаңа шектеу шаралары жарияланғаннан кейін тур сатып алған демалушылардың шамамен 90%-ы мұндай талаптармен демалғысы келмейтінін айтып, бас тартып отыр. Мен демалыс орнының иесі ретінде осы туристік маусымда ашылмау жағын қарастырып отырмын, себебі 50-пайыздық сыйымдылықпен және кенеттен өскен шығындар салдарынан туристерге қызмет көрсету үлкен шығындарға әкеп соқтырады.
Шығыс Алакөлде кірмелік және сауықтыру туризмімен жұмыс істейтін туроператорлар шекараның жабылуына байланысты кірмелік туризмнен түсетін табысының шамамен алғанда 100% жоғалтқан.
Қазақстанның туристік операторлары енді ішкі туризмге қызмет көрсетуден түсетін қомақты табысын жоғалтып отыр. Туроператорлар шығыс Алакөлге турдан бас тартудың пайыздық көрсеткіші артатынын және барлық сауықтыру туризмінің басқа бағытқа ауысатынын болжайды. Жаңа шектеу шараларында шығыс Алакөл бағытындағы туристік ағынның қалыптасуына 3-4 жыл қажет болуы мүмкін.
Туроператор Мария Русина COVID-19 бен ПЦР-талдауларының жоқтығы туралы анықтама коронавируске байланысты шектеу қойылу кезеңінің салдарынан осы жылы табысы азайған демалушылардың қалтасына ауыр болатынын айтып өтті. Көбісі дәл осы анықтаманы алғысы келмегеннен кейін турдан бас тартып отыр. Алакөлдегі туристік маусым анағұрлым қысқа болғандықтан, демалушылар турды алдын ала брондағысы келеді. «Ақшаны дереу қайтару мәселесі туындайды, оны біз демалыс орындарымен біріге отырып шешеміз. Алайда біз заңнаманы бұза алмаймыз: орналасу орнының санын екі есеге қысқарту талабы бар, демек ақшаны қайтаратын боламыз. Алакөлдің екі жағалауы бар – бір жағалауында анықтама талап етілмейді және демалушылар санына шек қойылмайды. «Сондықтан туристік лек Алматы облысына кетеді, себебі туристерге солай жеңіл. Шығыс Алакөлдің сауықтыру әлеуеті мен емдік климаты бұл жағдайда шешуші рөл атқармайтын болады» дейді ол.
АЛМАТЫ