• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 15 Маусым, 2020

Бурунди елінің президенті коронавирустан көз жұмды

1061 рет
көрсетілді

Африка құрлығында орналасқан Бурунди елінің президенті Пьер Нкурунзиза Каруси қалалық ауруханасында өткен аптада коронавирус індетінен көз жұмды, - деп хабарлайды Egemen.kz

Әуелгі ақпарат ел басшысы жүрек дертінен қайтыс болғаны жайлы таратылса, кейін Каменге университетінің дәрігерлері бұл ақпаратты жоққа шығарып, жоғарыда айтылған мәліметті растады. Өткен айда президенттің жұбайы індетті жұқтырып, емделудің  арқасында сауығып шыққан көрінеді.

Қазіргі таңда ел көлемінде қаралы күн жарияланып, той-томалақ өткізуге тыйым салынды. "Пьер Нкурунзиза билік басында отырған 15 жылда елдің экономикасы құлдырап, адам құқығы ескерусіз қалған еді", дейді әлемдік саяси сарапшылар. Соңғы жылдары сөзге көп ілінген президент алдағы тамыз айында тақты босатуға тиіс екен. Бірақ ажал айтып келмейді.