• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Маусым, 2020

Қостанай облысында 105 көшенің атауы өзгерген

200 рет
көрсетілді

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлжан Мендекинова аймақтың ономастика саласындағы оңтайлы өзгерістер туралы айтып берді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыста соңғы үш жылдың ішінде 13 әлеуметтік-мәдени нысан, 7 ауылдық округ, 7 ауыл, 105 көшенің атауы өзгерген. Бұрынғы Таран ауданы Бейімбет Майлин ауданы аталып,  Затобол кенті қала мәртебесін алып, Тобыл атауына ие болып отыр. 

Одан кейін Г.Мендекинова Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының өңірде жүзеге асырылу барысына тоқталды.  Басқарма басшысының айтуынша, облыста жұмыс істеп жатқан 20 тіл оқыту орталығында соңғы үш жыл ішінде 18 мыңнан астам адам мемлекетті тіл үйрету курстарынан өткен. 5 мыңнан астам адам ағылшын тіліне машықтанса, 437 әр ұлттың өкілі өз ана тілін үйрену мақсатында курстарға қатысқан.  

"Тілдерді оқыту аудан орталықтарымен қатар, ауылдық округтерде де ұйымдастырылды. Өткен жылы 70 ауылдық округта  қазақ тілін – 1767 адам, ағылшын тілін – 114 адам оқып шықты. Биыл облысымызда  тілдерді оқыту жұмыстары  жалғасуда.  Жыл басынан бері тілдерді оқыту орталықтарында 8679 тыңдаушы тіл үйреніп жатыр", - деді Г.Мендекинова.

          

Қостанай облысы