Солтүстік Қазақстан облысының аумағында төрт күнге созылған республикалық "Құқық тәртібі" жедел-профилактикалық шарасы аяқталып, оның барысында 900-ге жуық жол ережесінің бұзушылығы анықталды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Соның ішінде 49 көлікті мас күйінде жүргізу, 206 жүргізушілік куәліксіз рөлге отыру, 259 шектеулі жылдамдықты сақтамау болып отыр. Велосипедшілер де өз құқықтарын білмейді. Олар көлікке мінгендеріне қарамай тек қана жаяу жүргізушілер өтетін жерлерде жол бермей, ойқастап жүреді.
Сонымен бірге, "Құқық тәртібі" шарасының барысында учаскелік инспекторлар 351 жайсыз тұрмыстағы отбасылардың да үйін тексерді. Бұлардың ішіндегі 42 ата-анаға балаларына дұрыс тәрбие бермегендігі, 156 ата-анаға жасөспірім балаларының түнгі уақытқа қайда жүргенін білмегендігі үшін хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Ал сауда саласының он кәсіпкері кәмелетке жасы толмағандарға темекі өнімдерін сатқандығы үшін айып тартты. Жалпы, осы шараның барысында әкімшілік заңнаманың 3655 бұзушылығы анықталды.
"Полицияның мақсаты бұзушылықтар санын арттырып, өзін жақсы атты көрсету емес, қала көшелері мен аулаларда, тұрғын үйлерде тәртіптің сақталуына қол жеткізу", - дейді СҚО ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қанат Айтбаев.