• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
09 Сәуір, 2010

ЖАҢА УНИВЕРСИТЕТ ТАЛАПКЕРЛЕРДІ ШАҚЫРАДЫ

706 рет
көрсетілді

Ел болашағы үшін бүгінде іске асып жатқан бастамалардың саны өте көп. Солардың ішіндегі ең мүд­делісі әрі қуаттысына тоқталсақ, білім-ғы­лымға деген әлемнің қойған талабы да жоғары, халық­тың ынтасы да биік. Соны ескерген Елбасы елордада елі­міз­дің ұлттық брэндіне айналуға тиіс оқу орда­лары­на үлкен сеніммен қа­рай­­ды десек, жуырда осы қатарға Аста­на­ның жаңа уни­верситеті қосыл­мақ. Ел дамуының индустрия-инно­вациялық деңгейіне зор үлес қосатын мұндай универ­си­тет бүгінде өзінің мис­сиясын нақты жүзеге асыруға кірісіп кетті. Астана қаласында құрылған осы­нау халықаралық университет қыз­меті­не байланысты елорданың “Ре­дис­сон” қонақүйінің Сарыарқа залын­да баспасөз мәслихаты болып өтті. Бұған “Астананың жаңа уни­верситеті” АҚ вице-прези­денті Қа­диша Даирова, Results for Develop­ment Іnstіtute-нің басшысы, Орталық Азиядағы Дүниежүзілік Банк өкіл­дігінің бұрынғы директоры Деннис де Трей, Орталық Азия және Кавказ инсти­тутының төрағасы, Пол Ницше атындағы Джонс Хопкинс уни­верситетінің Озық халықаралық зерттеулер мектебінің профессоры Фредерик Старр мен Ғарышты зерт­теу институтының құрметті дирек­торы Роальд Сагдеев және Делойтт компаниясының атқарушы департа­ментінің басқарушы серік­тесі Дэррил Хадауей, Энер­гети­калық техно­логия­лар­дың есеп­теу физикасы мен гидро­динамика бөлімшесінің қыз­мет­кері Зинетулла Инсепов сынды оқымыс­тылар, ғылыми және іскерлік қоғам өкілдері қатысты. Астананың жаңа университетінің даму стра­тегиясы баспасөз мәслихатының негізгі тақырыптық өзегіне айналды. Баспасөз мәслихаты барысында вице-президент Қ.Даирова универ­ситеттің қалыптасуының бірінші жылдарында халықаралық тәжіри­бені зерттеу және қолдау үшін ха­лықаралық консультативтік кеңес­тің құрылғанын атап өтті. Ол сон­­дай-ақ Астананың жаңа универ­ситеті бакалавриатының бірінші базалық курсы – Foundatіon бағ­дар­ламасына студенттерді қабылдау жүргізілетін­дігі туралы, оған түсу тәртібі шетелдік серіктес Лондон­ның уни­верситеттік кол­леджі­мен белгілен­гендігі жөнінде және атал­мыш оқу орны ағымдағы жылдың жазында ашылатындығын тілге тиек етті. Ал Жаңа университеттің оқыту үрдісі туралы Орталық Азия және Кавказ институтының төрағасы, Пол Ницше атындағы Джонс Хопкинс университетінің Озық халықаралық зерттеулер мектебінің профессоры Фредерик Старр: “Бұл университет халықаралық жоғары оқу орындары­мен серіктестік негізде құрылғалы отыр. Алайда, бұл түбегейлі қазақ ғалымдары, профессорлары тыс қалып қойды дегенді білдірмейді. Керісінше, жаңа университетке шетелде білім алып, қазіргі уақытта сол жақта дәріс оқып жүрген ең үздік, қабілетті, жас қазақ ғалымдары тартылады. Олар белгілі бір уақыт аралығында Қазақ­станға оралып, оның ғылыми өміріне белсене араласады. Менің пікірімше, бұл шетелдік және жергі­лікті ғалым­дардың, профессорлардың бірлескен кәсіпорны. Сонымен қатар, бұл қазақ халқының, қазақ педагогтарының күш-қуатымен ғасырдан ғасырға ұласатын кәсіпорын” – дей келе осы университеттің әлемнің үздік 30 университетінің қатарына енуі тиіс екендігін атап өтті. Мемлекет басшысының тікелей бастамасымен ашылғалы отырған жаңа университеттің 2010 жылға ар­налған оқуға қабылдау шарасы 3 ке­зең­ге бөлінетін болады. Алғашқы кезе­ңі наурыз айынан бері басталған бол­са, бір айға дейін жалғасатын қа­был­дау мерзімі ішінде 1500-ге жуық сту­денттер құжат тапсырып, тілдік сы­нақ­тардан өтеді. Ал екінші кезеңі ма­мыр­да, үшінші кезең маусым айынан бас­тап қыркүйек айына дейін жалғасады. Арай ҮЙРЕНІШБЕКҚЫЗЫ.