• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Елбасы 18 Маусым, 2020

Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасының тезірек сауығып кетуін тіледі

474 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тезірек сауығып кетуін тіледі, - деп хабарлайды Egemen.kz.

"Өкінішке қарай, коронавирус біздің Тұңғыш Президентіміз - Елбасыны да айналып өтпеді. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тезірек сауығып кетуін тілеймін. Ол рухы мықты адам. Оның бүкіл өмірі күреске толы, сондықтан, ол бұл сынақты да жеңіл еңсереді деп сенемін", - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың оқшауланғанын хабарлаған едік.