Қазақстанның 44 энергия өндіруші ұйымының 34 ұйымында тариф өсті, 9 ұйымда бұрынғы деңгейде сақталды, ал біреуінде төмендетілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Электр энергиясына шекті тарифтерді қайта қарау шамамен 27 мың жұмыс орнын сақтап қалуға мүмкіндік береді. Бұл туралы бүгін, 30 маусым күні, Орталық Коммуникациялар Қызметінде өткен брифингте ҚР ЭМ Электр энергетикасын дамыту департаментінің директоры Айдос Дәрібаев айтты.
Дәрібаев өз сөзінде атап өткендей, 2020 жылы энергия өндіруші ұйымдарға байланысты емес себептермен шығындар ұлғайды (отын сатып алу шығындары, ЖЭК сатып алу көлемі, бюджетке төлемдер және жүйелік оператордың көрсетілетін қызметтерін төлеу). Сонымен қатар, станциялардың тозу деңгейі жылдан жылға артып келеді және қазіргі уақытта шамамен 60%-ды құрайды. Осыған байланысты, электрмен жабдықтаудың сапасына қауіп төніп тұр.
Осындай жағдай Қазақстанның тұтынушыларын көрші елдерден электр қуатын реттеу жөніндегі көрсетілетін қызметті жылына 8 млрд. теңгеден астам сомаға сатып алуға мәжбүрлейді. Бұл электр энергиясының түпкілікті бағасына әсер етеді. Осыған байланысты, Қазақстанның энергия өндіруші ұйымдары сәуір айында шекті тарифтерді топтар бойынша түзетуге өтініш берді. Оларды қарау кезінде Министрлік әрбір жағдай бойынша жеке тәсілді қолданды.
Қазақстанның 44 энергия өндіруші ұйымының 34 ұйымында тариф өсті, 9 ұйымда бұрынғы деңгейде сақталды, ал біреуінде төмендетілді.
- Министрліктің құзыретіне ұйымдарға шығындар ұлғайған кезде түзетуге өтінім беру құқығымен жеті жылдық кезеңге энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясын өндіруге шекті тарифтерді бекіту мәселелері кіреді. Халық үшін шекті тарифтерді түзетумен Ұлттық экономика министрлігі айналысады, - деп атап өтті Электр энергетикасын дамыту департаментінің директоры. ЭӨҰ шекті тарифтері өзгерген кезде, статистикалық орта пәтерлер бойынша түпкілікті тұтынушылар үшін электр энергиясын төлеуге орташа чек (екі – үш бөлмелі, тұтыну көлемі, электр плитасы бар электр энергиясын тұтынатын пәтерлерді есептемегенде, айына орта есеппен 170-220 кВтс) төртінші тоқсаннан ерте емес ағымдағы шоттарға айына 200 теңгеден артық емес ұлғаюы мүмкін.
Айдос Дарибаев электр энергиясының өзіндік құны қажетті шығындарды өтеуге жеткіліксіз екендігін атап өтті, қазіргі уақытта энергия өндіруші ұйымдар жаңғырту жұмыстарына арналған қаржыны ағымдағы шығындарды жабуға жұмсап жатыр. Бүгін де энергия өндіруші ұйымдар көмір кәсіпорындарына 3 млрд.теңгеден астам қаржы қарыз, алайда бұған дейін жылда бұл көрсеткіш 200 млн.теңгеден аспайтын. Сонымен қатар газ компаниялары алдындағы қарыз да шамамен 6 млрд. теңгені құрап отыр.
Электр станцияларындағы шекті тарифтерді уақтылы түзету оларды жаңғырту бойынша жұмыстарды бастауға, жөндеу жұмыстарын жүргізетін компанияларға алдағы күзгі-қысқы кезеңді сәтті өту үшін және ағымдағы жылдан бастап авариялық жағдайларды азайтуға мүмкіндік береді.
- Сонымен қатар, электр энергиясына шекті тарифтерді қайта қарау 44 энергия өндіруші ұйымының өндірістік персоналының шамамен 27 мың жұмыс орнын сақтап қалуға мүмкіндік береді. Себебі осы адамдардың жұмысынан елді электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету тікелей байланысты, - деп атап өтті Айдос Дәрібаев.