• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Шілде, 2020

Елордададағы екі көше 18 шілдеге дейін жабылады

308 рет
көрсетілді

Д.Бабатайұлы көшесі жартылай, ал Р.Дүйсенбаев көшесі толығымен 18 шілдеге дейін жабылады. Көлік жүргізушілері кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын ала жоспарлауы керек. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды, деп жазады Egemen.kz

Көше-жол желісін орташа жөндеу аясында Д.Бабатайұлы көшесінде Алмалық көшесінен Тілендиев көшесіне дейінгі учаскеде құрылыс жұмыстары жоспарланған, деп хабарлады қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.

Осыған байланысты 15-25 шілде аралығында көлік қозғалысын ішінара тоқтату жоспарланған. Сонымен қатар 15-18 шілде аралығында Р.Дүйсенбаев көшесі бойынша Аспара көшесінен Герцен көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалысын толық тоқтату жоспарланған.

"Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын-ала жоспарлауы керек. Қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз", делінген хабарламада.