Елорда тұрғындары мен қонақтары маршрутын алдын ала жоспарлауы керек. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Алаш тас жолында Бөгенбай батыр даңғылындағы жол өткелінен Жолымбет көшесіне дейін құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады, деп хабарлады қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.
Осыған орай, 17 шілде мен 2 тамыз аралығында жол қозғалысын жартылай жабу жоспарланған. "Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз", – деді басқармада.