• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Тамыз, 2020

Қостанайлық полицейлер тұрғындарға маска таратты

257 рет
көрсетілді

Қостанайлық полицейлер тұрғындарға маска таратты,  деп жазады Egemen.kz

Облыс полицейлері мен "Болшевичка" тігін фабрикасы осыдан біраз уақыт бұрын қолға алған дәстүрлі шара бүгін тағы жалғасты. Акцияны ұйымдастырушылардың айтуынша, пандемия басталғалы полицейлер көшеде тұрғындарға мыңнан астам маска таратқан.

- Мен Нұр-Сұлтан қаласынан келдім. Бізде мұндай акциялар өтпейді, сондықтан таңғалып қалғаным рас. Азаматтарға жанашырлық танытқаны үшін полицияға рахмет. Бұл маскалардың отандық тігінханалардан шығып жатқаны қуанышты. Мен көшеде маска тағып жүру керек деген талапты толық қолдаймын. Бұл мәжбүрлі түрде болғанмен, аса қажетті шара деп түсінемін, - дейді Гүлмира Біржанова.

Бүгінде көшеде маска тағып жүруді қостанайлықтардың көбі әдетке айналдырған. Бұрынғыдай маска тапшылығы жоқ. Баға да тұрақтанды. Дегенмен шараны ұйымдастырушылар көшедегі кісіге сапалы әрі тегін масканы тосын сыйға тарту арқылы жалпы тұрғындар жауапкершілігінің артуына ықпал етеміз деп біледі.

- Мұндай акцияларды біз дәстүрлі түрде өткізіп тұрамыз. Пандемия басталғалы қажетті шараларды түсіндіру шараларына белсенді атсалысып келеміз. Бұл бағыттағы жұмыс әлі де жалғаса береді, - деді патрульдік полиция батальонынының инспекторы Қуаныш Ізбасаров.