• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Экономика 11 Тамыз, 2020

AIX биржасында Даму қорының құнды қағаздары сатыла бастады

195 рет
көрсетілді

Astana International Exchange "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ  жаңартылатын энергия көздеріне (ЖЭК) инвестициялау тәуекелдерін төмендету жөнінде БҰҰДБ-мен жасалған келісімнің шеңберінде АІХ-те 200 млн теңге сомасының "жасыл" купондық облигацияларын 36 ай айналу мерзімімен тіркеуді және шығаруды жүзеге асырғанын қуана хабарлайды. Купондық мөлшерлеме – 11,75%. Бұл орналастыру Биржаның "жасыл" қағидаттарына сәйкес келетін бағалы қағаздардың алғашқы листингі және жалпы алғанда Қазақстандағы алғашқы "жасыл" облигациялар листингі болды.

АХҚО жасыл қаржы орталығы жобаға толық сүйемелдеу көрсетті және эмитенттің "жасыл" облигациялар саласындағы Саясатының АІХ-тің "жасыл" облигациялар жөніндегі саясаты мен ICMA-ның (Капитал нарықтарының халықаралық қауымдастығы) "жасыл" облигациялар қағидаттарына сәйкестігін бағалауға негізделген екінші тараптың қорытындысы нысанындағы сыртқы шолуды ұсынды

Қордың тартқан қаражаты Дамудың «жасыл» облигациялар саласындағы Саясатының шеңберінде ЖЭК бойынша шағын ауқымды инвестициялық жобаларды іске асыратын кәсіпкерлік субъектілерін одан әрі кредиттеу мақсатында екінші деңгейдегі банктерде және микроқаржылық ұйымдарда орналастырылатын болады. Жоғарыда аталған келісімнің шеңберінде "Даму" қорының купондық мөлшерлемесінің қоса санаған 12% көлеміндегі бір бөлігін БҰҰДБ субсидиялайды. Жоғарыда көрсетілген келісімнің шеңберінде купондық мөлшерлеменің бір бөлігі БҰҰДБ тарапынан субсидияланатын болады. Бұдан басқа, БҰҰДБ сонымен қатар инвестициялық жобаларды іріктеуде техникалық қолдау көрсетеді. "Даму" қорының "жасыл" облигацияларын АІХ-те шығару және орналастыру бойынша лид-менеджер "BCC Invest" АҚ болып табылады.

АІХ басқармасының төрағасы Тим Беннетт: "Жасыл облигациялар бойынша біздің алғашқы эмитентімізді қошеметтеуге қуаныштымыз. "Даму" қорының біздің "жасыл" қағидаттарымызға сәйкес келетін бағалы қағаздарының листингі "жасыл" экономиканы дамытуға қаражат тартатын басқа да ұйымдар үшін үлгі болады деп сенеміз", - деп көрсетті.

"Даму" қоры басқармасының төрағасы Гаухар Бөрібаева: "АІХ-тегі "жасыл" облигациялар листингі "Даму" қоры үшін "жасыл" қаржыландыру және микро-, -шағын-, орта жеке бизнесті қолдау стратегиясын іске асырудағы маңызды қадам болды. Бұл шығарылым жаңартылатын энергия көздері мен энергия тиімділігі саласындағы жобаларды дамытуға және қаржыландыруға ынталандыратын болады деп сенеміз. "Жасыл" қаржыландыруға сұраныс артқан жағдайда, "Даму" қоры осындай жобаларға инвестициялауға арналған "жасыл" облигацияларды қосымша шығару мүмкіндігін қарастыруға әзір", - деп атап өтті.