• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 11 Тамыз, 2020

Көкшетау қаласының орталығында гүлзардан жұлған ер адам ұсталды

1475 рет
көрсетілді

Жедел басқару орталығының бейнекамераларына Көкшетау тұрғынының бұзақылық әрекеттері нәтижесінде "зардап шеккен" гүлдер салынған гүлзар түсті. Бұл туралы Ақмола облыстық полиция департаментіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды. 

11 тамызда шамамен сағат 01:00-де бейнебақылау инспекторы бейнекамералар жазбаларына мониторинг жүргізу кезінде "Көкшетау" мәдениет сарайы ғимаратының жанында гүлзарлардан гүл жұлған ер адамды байқаған.

Дереу оқиға орнына "Әскер - 1" экипажы жіберілді. Келген патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 24 жастағы қала тұрғынының мас күйінде болғанын анықтады.

Аталған тәртіп бұзушы Көкшетау қаласы ПБ әкімшілік ғимаратына жеткізілді, онда оған қатысты 434-бабы 1-бөлігі "Ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиісу,  тұрғын үй-жайларды қорлау және айналасындағыларға сыйламаушылықты білдіретін қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.