Қазақ халқының ұлы ақыны, философы, ағартушысы және қоғам қайраткері Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына орай Мажарстандағы ҚР Елшілігі Абай ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімін өткізді.
Іс-шараға Елшіліктің қызметкерлері және олардың жанұя мүшелері, қазақ диаспорасының өкілдері мен студенттер, сондай-ақ қазақ тілін оқитын және қазақ мәдениетімен қызығатын мажар студенттер қатысты.
Іс-шара барысында қазақ диаспорасының өкілдері мен мажар студенттері Абайдың тақпақтарын, қара сөздерін оқып, өлеңдерін айтты.