• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Тамыз, 2020

СҚО-да Сенат депутаты болып қайтадан Ольга Перепечина сайланды

254 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысынан Парламент Сенатының депутаты болып қайтадан Ольга Перепечина сайланды, - деп хабарлайды Egemen.kz Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап.

Ольга Перепечина бұл орында бұған дейін де болған. Мамандығы – экономист. Талай жыл қаржы саласында еңбек еткен маман. 

Сайлау карантинге байланысты санитарлық талаптарға сай өтті. Жергілікті деңгейдегі депутаттар онлайн тіркеуден өтіп, араларында әлеуметтік қашықтық сақталды. Комиссия төрағасының айтуынша,  ешқандай заң бұзушылық анықталмаған.

"Протокол бойынша екі бюллетень жарамсыз болып шықты. 23 депутат Могунова Донголе Антонасовнаға дауыс берді. 162 депутат Перепечина Ольга Валентиновнаға дауыс берді", - деді облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ерболат Бекшенов.