• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
25 Қазан, 2013

Берндегі екіжақты кездесулер

234 рет
көрсетілді

Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Женевадағы бөлімінің Бас директоры лауазымындағы қызметінің аяқталуына байланысты Бернде Швейцария басшылығымен бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Женевадағы бөлімінің Бас директоры лауазымындағы қызметінің аяқталуына байланысты Бернде Швейцария басшылығымен бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

Швейцария Конфедера­ция­сының Вице-президенті, Феде­рал­дық Сыртқы іс­тер кеңесшісі (министрі) Дидье Буркхальтер БҰҰ-ның Женевадағы бөлімінің бас­тығы лауазымындағы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұ­мы­сы­ның нәтижесін жоғары бағалап, оның жаһандық ха­лық­аралық орталық ретінде Женеваның нығаюына едәуір үлес қосқанын айрықша атап өтті.

Қ.Тоқаев Швейцария үкіме­тіне БҰҰ құрылымдары­на ұдайы жәрдемі үшін алғы­сын айтты. Жыл сайын БҰҰ жүйесінің онда­ған құрылымдары мен кон­фе­ренция­лары үшін «баспана» ретіндегі ғана емес, күрделі мәселелер мен қақтығыстарды реттеу жөніндегі негізгі алаң ретіндегі Женеваның жаһандық рөлі арта түсуде.

Әңгіме барысында Астана мен Берннің халықаралық арена­дағы ынтымақтастығы, әсі­ресе, Швейцарияның 2014 жылғы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі және 2017-2018 жылдарда Қа­зақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшесі болуына үміткерлігін ілгерілету тұрғысындағы мәселелер қаралды.

Қазақстан Парламенті Сенаты Төрағасының Швейцария Кантон­дары кеңесінің Президенті Фи­липпо Ломбардимен кездесуінде парламентаралық байланыстардың келешегі талқыланды. Онда ЕҚЫҰ және Еуропа Кеңесі Парламенттік ассамблеялары аясындағы өзара іс-қимыл, сондай-ақ заңнама әзірлеу саласында тәжірибе алмасу туралы әңгіме болды. Қ.Тоқаев қазақстандық парламентарийзмнің қазіргі замандағы даму кезеңдері, саяси партиялардың қызметі, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тиімді парламенттік және қоғамдық бақылауды қам­тамасыз ету жөніндегі бастамалары туралы әңгімеледі.

Қ.Тоқаев Қазақстанның «жасыл экономиканы» дамыту, балама энергетика, ауыл ша­руашылығы және көлік саласында Швейцариямен әріптестікті мақсат етіп отырғанын атап өтті. Астанадағы ЭКСПО-2017 ха­лықаралық көрмесі осындай әріптестік үшін тамаша мүм­кіндіктер береді.

Сенат Төрағасы швейцариялық әріптесін Астанаға сапармен келуге шақырды. Ф.Ломбарди шақыруды алғыспен қабыл алып, Қазақстанға үстіміздегі жылдың қарашасында келуге әзірлігін хабарлады.

Соңғы жаңалықтар