• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Тамыз, 2020

СҚО-да 29 адам көлік басқару құқығынан айырылды

133 рет
көрсетілді

Жыл басынан 29 солтүстікқазақстандық өмір бойына көлік басқару құқығынан айырылды, – деп хабарлайды Egemen.kz  Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Басқару құқығынан айырыла тұра, буынына тараған алкогольдің әсерінен қайта рөлге отырған жүргізушілер полицейлерді алаңдатып отыр. СҚО ПД бастығының орынбасары Еңбек Сембиннің айтуыша, мұндай фактілер заңды ғана емес, қоршаған ортасындағы адамдарды да елемейтіндіктерін көрсетеді.

"Ішімдікті тәуір көретіндер жолға шыққан сайын адамдардың өмірі мен денсаулықтарына қауіп төндіреді", – дейді ПД бастығының орынбасары Еңбек Сембин. – Биылғы жылғы 11 қаңтардан қылмыстың аталған түрі үшін жауапкершіліктің қатаңдатылғанын автожүргізушілерге тағы бір рет ескерткенді жөн деп есептеймін. Енді, негізгі жазадан бөлек, қылмыскерлер автокөлік басқару құқығынан өмір бойына айырылады. СҚО-да 11 қаңтардан бері осындай 29 сот шешімі қабылданды. Көбіне бас бостандығынан шектеу үкімі шығарылады.

Екі жағдайда өндіріс ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы 2-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) бойынша жүргізілді.

Аталған бөлім материалдық залал немесе денсаулыққа жеңіл зиян келтірген жағдайда қоланылады. Мәселен, ақпанда Қызылжар ауданының 29 жастағы тұрғыны “Челябі-Новосібір” тас жолында өзінің “Audi-80” көлігімен “Lada 217030” автомашинасын басып озамын деп екі жылға бас бостандығынан айырылды. Шілде айында оның 37 жасар жерлесіне қатысты сот өтті, ол қонаққа келген танысымен ішімдікке тойып алып, танысының “ВАЗ 21144” автокөлігін тізгіндеп, аударған. СҚО-да жыл басынан ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы бойынша 51 факті анықталды.