• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Руханият 11 Қыркүйек, 2020

Эволюциялық даму маңызды

473 рет
көрсетілді

Алматыда Достық үйіне жиналған республикалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевтың қатысуымен Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауын іске асыру мәселелерін талқылады.

Жолдаудағы негізгі басым­дықтарды талдай отырып Ж.Түймебаев елдегі жағдайдың нақ­ты және егжей-тегжейлі тал­дануы мен экономикалық-әлеу­меттік салалардағы, мем­ле­кеттік басқару, қаржы саласындағы дамуды тежейтін себептерге, реформалар барысына тоқталып, «Әлеуметтік-экономикалық да­муымызды сапалы деңгейге жеткізу әлеуметтік әділеттілік, тиімділік пен бәсекеге қабі­лет­тілікке негізделген», деп атап өтті.

Бүгінде қоғамдық өмірдің барлық саласы терең рефор­малауды қажет етеді. Заң­ның үстемдігі, адам мен аза­мат­тың құқықтарын сақтау мемлекеттік басқарудың жаңа моделі арқылы жүзеге асырылады. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» моделі басқару ісіне азаматтардың араласуымен жүзеге асатын болады. Жолдауда стратегиялық ба­сым­дықтармен сабақтаса келе «Ұлттың жаңа сапасына» ба­рынша көңіл бөлініп отыр. «Рухани жаңғыру» бағдар­ла­масының жалғасына айнала отырып, қоғамдық сана­ны жаңғыртудың жаңа басым­дық­тары «жауапты мемлекет – жауапты қоғам – жауапты адамның өмірінде көрініс беретін болады. Дәл осы реформалардың синергиясы революциялық тиімділікке қол жеткізбек. Жол­даудағы мақсаттарға жету – қоғамдық келісім мен жалпы­ұлттық бірлік, сонымен қатар тұрақты Қазақстанды құрудың негізі. Әрқайсымыз алдағы ре­формалардың құрылымдық күрделілігі мен тереңдігі үшін Қазақстанның революциялық емес, бірмәнді эволюциялық да­муы қажет екенін түсінуіміз керек», деп атап өтті Қазақ­стан халқы Ассамблеясы  Төр­ағасының орынбасары.

Одан әрі қарай Ж.Түймебаев Мемлекет басшысының тапсырмасымен этносаралық қа­ты­настар саласындағы мемле­кеттік саясат тиімділігін арттыру бойынша бірқатар шаралар қабылданғанын атап өтіп, рес­публикалық этномәдени бір­лес­тіктердің басшыларынан өз бірлестіктерінің белсен­ділерімен кездесулер өткізуді, Жолдауды түсіндіруге және іске асыруға қатысу мәселелерін талқылауды тапсырды. Осы орайда этностық бұқаралық ақпарат құралдарының ресурс­тары осы қызметке барынша белсенді атсалысуы тиіс. Этно­мәдени бірлестіктер халықты шағынбизнес негіздеріне оқыту саласында жобалар әзірлеп, жүзеге асыруы да уақыт күттір­мейді. Қазірдің өзінде этно­мәдени бірлестіктерде бірқатар ба­ғытты ұйымдастыру қажет. Ауылда өмір сүру сапа­сын және жұмыспен қамту­ды жақсарту аясында «Әр ауыл­дың өз шеберлері» оқыту жо­басы жос­парланып отырса, «Отбасылық бизнес –  әл-ау­қат негізі» жобалары да же­тіл­дірілетін болады. Сонымен қатар көпұлтты отбасылар бойынша жоба жүзеге асырылады.

Аталған жиында ма­ңыз­ды құжат жүктеген міндет­терді жүзеге асыруға байланыс­ты Ақпарат және қоғам­дық да­му вице-министрі М.Әзіл­ха­нов, Парламент Мәжілісі Төр­­аға­­сының орынбаса­ры В.Бож­­ко, Мәжіліс де­путат­­тары А.Му­радов, Ю.Тимо­щенко, Ш.Ну­румов, сондай-ақ этнобір­лес­тік­тердің жетекшілері сөз сөйледі.