• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қаржы 14 Қыркүйек, 2020

Салықтан жалтаруға болмайды

573 рет
көрсетілді

Мемлекеттік сатып алу шеңберінде 2018 жылы 52,1 мың кәсіпкер бюджеттен 3 942,5 млрд теңге көлемінде ақшалай қаражат алған. Қатысушыларды салықтық әкімшілендіру нәтижесінде бюджетке 4,8 млрд теңге сомасында қосымша салық түсімі қамтамасыз етілді. Қазір 2019-2020 жылдары әкімшілендіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Көбіне кәсіпкерлер салық­ төлемес үшін әртүрлі қу­лық­тарға барады. Сондай таны­мал тәсілдердің бірі – тауар­сыз шот-фактураларды алу үшін бір күндік фирма­лар­дың қызметтерін пайдалану. Сонымен қатар жалақыны конвертке салып беру, заңсыз еңбек күшін пайдалану, та­быс­­тарды жасыру және шы­ғын­­дарды негізсіз ұлғайту да бар.

– Камералдық бақылау нәтижесінде мемлекеттік сатып алу жеңімпаздарының үштен бірінен алшақтықтар анық­талып, оларға 18,5 мың хабарлама жіберілді. Бюд­жетке барлығы 176,6 млрд теңге көлемінде салық­тар қай­­­тарылды, – дейді Мем­ле­кет­тік кірістер коми­теті төр­ағасының орынбасары Жай­дар Іңкәрбаев.

Оның айтуынша, салық органдары салықтық жүктеме коэф­фициенті төмен, яғни 3 па­йыздан аз салық төлеу­шілерге ерекше көңіл бөледі. Мә­­се­лен, мем­лекеттік сатып алу­ға қа­тысу­шылардың бірі – «Дос­тар С» ЖШС, 2018 жылы Ақмола облысында 1 049 млн теңге сомасына турис­т­ік маршрутты абаттанды­ру­ды жүзеге асырған. Оған қа­­тысты салықтық тексеру т­аға­­йын­далып, нәтижесінде 341 млн теңге сомасында бұ­зу­­­шы­лықтар анықталған.

Ж.Іңкәрбаев салық органдары мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы талап-арыздар беретінін атап өтті. Бүгінгі таңда 20,9 млрд теңге сомасына сот шешім шығарған.

Электрондық шот-факту­ра­лар базасын пайдалана отырып, комитетте нақты уақыт режімінде мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың операцияларына онлайн-бақылау жүргізетін топ құрылды. Бұл олардың мердігерлері ара­сын­дағы «бір күндік фирманы» анықтауға мүмкіндік бере­ді. Ашылған схемалар Эко­номикалық тергеу қыз­метіне берілетін болады. Ең көп бұзушылықтары бар мем­лекеттік сатып алуға қа­тысушылар бойынша сыбайлас жемқорлық құраушысы да жоққа шығарылмайды.

Бұдан басқа, барлық анықталған фактілер туралы ақпарат жұмыстардың құнын түзету мәселесін қарау үшін тиісті бағдарламалар әкімшілеріне және әкімдік­терге жіберілетін болады.

– Салықтарды төлеуден жалтаруды болдырмауды бақылаудың тағы бір құралы құ­ры­лыс саласындағы мем­ле­­кеттік сатып алуды «Қазы­нашылық сүйемелдеу» болып табылады. Бюджет ақшасын төлеу кезінде «Тәуекелдерді бас­қару» жүйесі арқылы мер­дігерлердің мониторингі тиім­­ділікті көрсетті. Мем­ле­кеттік сатып алуға қатысу­шы­лардың жартысының салық жүктемесінің коэффи­циен­ті 2,3 есеге өсті. Салық тү­сім­дерінің 54,4 млрд тең­ге­ге өсуі байқалады, – дейді Ж.Іңкәрбаев.

Былтыр қыркүйектен бас­тап құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алу үшін қаржылық тұрақтылық жө­ніндегі ережелер қолданысқа енгізілген. Бұл конкурстарға қатысуға рұқсат берудің негізгі көрсеткіштерінің бірі және мемлекеттік сатып алу­дың әлеуетті қатысу­шысының тұ­рақ­тылығын көрсетеді.

Сондай-ақ кәсіпкерлер жа­­сы­рылған жалдамалы қыз­­­меткерлерді көлеңкеден шы­­ғарып, жіберілген салық бұзушылықтарын түзете бас­тады. Жүргізілген түзетулер нәтижесінде жыл басынан бері 5,6 млрд теңге сомасына қо­сымша салықтар төленді. Бұл мемлекеттік сатып алу­ға қатысушылар арасында саламатты бәсекелестікті жақ­сартуға мүмкіндік берді.

Мемлекеттік кірістер ко­митеті төрағасының орынбасары Ж.Іңкәрбаев 2020 жылдың 1 шілдесінен бас­тап қаржылық тұрақты­лық көрсеткіштері жұмыстар мен тауарлардың барлық түрлеріне қолданылатынын еске салды. Квазимемлекет­тік сектордағы сатып алуға, сондай-ақ Мемлекеттік бағ­дар­ламалар шеңберінде қар­жыландыруға қаржылық тұ­рақтылықты енгізу мәселесі қарастырылуда.

Комитет салық төлеуден жалтару схемасын қолдану, ақыр соңында, одан да үл­кен санкцияларды төлеуге әке­летінін еске сала отырып, салықтарды уақытында тө­леуге кеңес береді.