• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Қыркүйек, 2020

Қазақстандық әуе компаниясы Еуроодақ санкциясына ілікті

366 рет
көрсетілді

Sigma Airlines компаниясына Ливияға қару-жарақты заңсыз тасымалдады деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz

"Аталған пайдаланушылардың әуе кемелерінің меншік иелері БАӘ-де, Британ Виргин аралдарында тіркелген шетелдік компаниялар болып табылады. Кемелер Таяу Шығыс аймағында да шетелдік тапсырыс берушілердің мүдделері үшін пайдаланылды. Негізгі базасы БАӘ болды", деп түсіндірді Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Ардақ Өтепов. ⠀ Бұған дейін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Sigma Airlines қару-жарақты Ливияға жеткізетінін, осылайша халықаралық ұйымның тыйым салуын бұзатынын мәлімдеді. Қазір компанияның рейстері тоқтатылған. Енді еліміздің құқық қорғау органдары мен Қауіпсіздік Кеңесінің өкілдері заңсыз жеткізілімдердің қалай жүзеге асырылғанын анықтауы керек.

Сонымен қатар Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің басшысы Питер Гриффитс Atameken Business телеарнасына қазақстандық авиатасымалдаушының кінәсі туралы дәлелдер жоқ екенін мәлімдеді. ⠀ "Үш ай ішінде тергеу жүргізіледі. Оның нәтижелеріне сүйене отырып, біз шешім қабылдаймыз. Егер Sigma Airlines кінәсі дәлелденсе, компания жабылады", деді ол.