Еліміздің барлық өңірлерінде "Алтын Жебе-2020" арнайы операциялар күштерінің компоненттерін кешенді тексеруі өтуде, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс-шара Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мұрат Бектановтың басшылығымен ұйымдастырылды.
Дабыл бойынша көтерілген бөлімдер мен бөлімшелер оқу алаңдары мен полигондарға шықты. Кешенді тексеру барысында бір ай ішінде күштер мен құралдарды қолдануды ұйымдастыру мәселелері пысықталады. Сондай-ақ арнайы оқу-жауынгерлік міндеттер де орындалмақ.
Армиялық тактикалық атыс жаттығуларын орындау мен артиллерия атысын түзетуге, тәулік бойы армиялық авиацияны жүргізуге ерекше назар аударылатын болады.