• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Қазан, 2020

Жедел жәрдем көліктері сатып алынды

160 рет
көрсетілді

Ақтөбеге жеткізілген 19 жаңа жедел жәрдем көлігінің 13-і аудандық ауруханаларға жөнелтіліп, 6-уы Ақтөбе қаласындағы жедел жәрдем бекетіне берілді.

Қазір өңірде эпидемиялық жағдай тұрақтанған. Облыс орталығында жедел жәрдем шақырту үш есе, науқас­тар­ды стацио­нарларға жатқызу 10 есе­ге төмен­деп, қалалық жұқпалы ауру­лар ауруханасындағы төсектік орын жүк­темесі 78%-дан 16,2%-ға азайған. Дегенмен, күн суыта суық тию мен жедел респираторлы сырқаттардың көбеюі­мен қайтадан COVID-19 күшеюі мүм­кін деген болжам бар болғандықтан алдын ала дайындық жүргізілді.

Пневмониямен сырқаттанушы­лар үшін 315 төсектік орын дайындалса, одан басқа 3 588 төсектік орын резервке қойылды.

«Қажет болған жағдайда төсектік орындарды 315-тен 3 903-ке дейін, соның ішін­де жансақтау бөліміндегі орындар санын 401-ге дейін көбейту жоспарланып отыр. Жазда 2 емдеу мекемесі жөн­деліп, стационарлар қажетті жабдық­тармен қамтамасыз етілді. Кереуеттер оттегімен 93%-ға қамтылып, үш стационар орталықтандырылған оттегі­мен қамтамасыз етілді. Алдағы күндері өкпені жасанды желдететін 147 аппарат, компьютерлік томограф, 13 стацио­нарлық рентген аппараты, екі жылжымалы рентген аппараты, автономды оттегі бекеті мен КамАЗ түріндегі екі жыл­­жы­малы медициналық кешен жет­кізі­леді деп күтіліп отыр», дейді облыс әкімінің орынбасары Нұржауған Қалауов.

Бұл күндері 47 622 ақтөбелік тұмауға қарсы егілді.

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин аудан әкімдеріне барлық ауруханалардың санитарлық талаптарға сәйкестігін қатаң тексеріп, медициналық жабдықтарды, дәрі-дәрмектер мен жеке қорғаныс заттарын қайта түгендеуді тапсырды. Өйткені «Сырқат саны көбейген жағдайда, қалалық стационарларға жүк түспеуі керек».

 

Ақтөбе облысы