USAID пен «АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың Орталық Азия қауымдастығы» ЗТБ Алматыда онлайн форматында АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың төртінші өңірлік форумын өткізді, - деп хабарлайды Egemen.kz
Форум Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдері ұйымдарының АИТВ-ахуалды адамдар қоғамдастығының өкілдері үшін USAID «АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың көшбасшысы» жобасы аясында Денсаулық сақтау министрліктері, Республикалық ЖИТС орталықтары, АҚШ халықаралық даму агенттігі, UNAIDS, PSI, AFIW және басқа да халықаралық ұйымдар қатысуымен өтті.
Іс-шара Орталық Азия өңірінің қауымдастығы мен ұлттық ұйымдарының ұйымдастырушылық, жұмылдыру және техникалық әлеуетін арттыру мақсатында өткізілді. Қатысушылар АИТВ жұқтырғандарға қатысты стигма мен кемсітушілікті төмендету бойынша өзекті тәсілдерді енгізу, COVID-19 пандемиясы жағдайында медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын жақсарту бойынша неғұрлым орынды және сәтті бағдарламаларды адвокаттандыру, серіктестік пен ынтымақтастық механизмдерін күшейту тәжірибесі, сондай-ақ «Н=H: анықталмаған, демек – берілмейді» кампаниясын қолдау тақырыптарын талқылады.- Форум АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қызмет көрсететін ұйымдардың бірлескен іс-әрекеттерін талқылаудың белсенді платформасына айналды, сонымен қатар қоғамдастық көмегімен қызметтердің қолжетімділігі мен сапасы мониторингінің нәтижелері талқыланды, негізгі фандрайзинг аспектілерін анықтау бойынша бірыңғай позиция жасап шығарылды, – деді АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың Орталық Азия қауымдастығының президенті Нұрәли Аманжолов. Форум жұмысының қорытындысы бойынша АИТВ инфекциясын емдеуге және алдын алуға қол жеткізу мәселелерін шешуге бағытталған мақсаттар көмегімен барлық елдерді эпидемияны жоюға қол жеткізуге шақыратын UNAIDS «95х95х95» стратегиясының негізгі бағыттарын көрсететін қарар қабылданды. «95х95х95» бағдарламасы АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың 95 %-на өз АИТВ статусын білуге, өз статусын білетін адамдардың 95 %-на АИТВ инфекциясынан емделуге қол жеткізуге және АИТВ инфекциясынан емделіп жатқан адамдардың 95 %-на вирусты басуға мүмкіндік береді.