Аудан орталығы Ертіс ауылында ауыл шаруашылығы саласына қажетті мамандар даярлайтын «Аграрлық техникалық колледжін» жыл сайын 50- ге жуық түлек бітіріп шығады.
Колледж директоры Жанат Беспаевтың айтуынша, қазір студенттер карантиннен соң ауылдан келіп, сабақта, білім алуда. Колледж өңірдегі ауыл колледждерінің ішінде жылдық рейтинг бойынша бірінші орынды иеленді.
Ал, мамандыққа сұраныс жыл сайын облыстық әкімідік бекіткен, аудандық «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» орталығына шаруа қожалықтарынан түскен сұранысы бойынша қабылданады. Биыл сұраныс бойынша облыстық білім беру басқармасының лицензиясын алып, сауу машинасының операторы мамандығы ашылып, қазір 15 студент білім алуда.
Колледж негізінен «Фермерлік шаруашылық» мамандығы бойынша жермен жұмыс жасайтын болашақ фермерлер, болашақ жер иелерін, сонымен бірге бухгалтер, аспазшы, сатушы, ауылшаруашылық өндірісіндегі тракторшы- машинист, көлік жүргізуші, сиыр сауу машинасының операторлары, автомобиль көлігіне қызмет көрсету, слесарь, көлік жөндеу шеберлері, техник-механиктер дайындайды.
Білікті мамандар дайындау жолында колледжде барлық қажетті заманауи материалдық- техникалық құрал- жабдықтармен қамтамасыз етіліп жабдықталған.
Мысалы, 3 зертханалық лаборатория, 4 шеберхана, 2 компьютерлік класс және жалпы білім беру мен арнайы білім беру пәндері бойынша пәндік кабинеттер, 75 орынды студенттік асханасы, 80 орынды акт залы, хоккей корды, 50 орынды студенттерге арналған жайлы жатақханасы бар.
Сонымен қатар, 7 мультимедия құралы,2 интерактивті тақта, 12 компьютер бар. Әдістемелік, көркем әдебиеттер және электрондық дискілермен толыққан кітапхана жұмыс жасайды.
Былтырғы жылы колледжді 47 түлек бітіріп шықты , оның ішінде өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасқаны - 35.
Колледж дуалды оқыту жүйесі негізінде аудандағы «Оразбаев» шаруа қожалығында сенімділік басқару тәсілі бойынша бірлесіп жұмыс жасауда.
Студенттер егін алқабында егін салу мен егін жинау науқанында «Оразбаев» және басқа да шаруашылықтарда «Джон Дир», «Класс» заманауи тракторларымен технологиялық және кәсіби практикадан ақылы түрде өтеді.
Қазір Р Абдалинов , М.Булатецкий, А. Штрауб, М.Алексеев, А.Алексеев, Г.Скудаев, О.Лещицкий, Д. Жаманбалинова, З.Байгазинова, О.Мусина, Д.Набойченко С.Шпортько сияқты колледж түлектері ауылда қалып еңбек етуде.
Павлодар облысы,
Ертіс ауданы