• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Қазақстан 15 Қазан, 2020

Жұмыспен қамту бағдарламасы қалай жүзеге асуда?

481 рет
көрсетілді

Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы шеңберінде 6,6 мыңнан астам жобаны іске асыру басталды, оларда 130 мың теңгелік орташа жалақымен 196 мың адам жұмыспен қамтылған.

ЖҚЖК инфрақұрылымдық жобаларын іске асыру 4 негізгі бағыт бойынша өтеді:

– әлеуметтік-мәдени нысандарды күрделі және ағымдағы жөндеу, реконструкциялау және салу;

– тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, реконструкциялау;

– инженерлік-көлік инфрақұрылымын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, реконструкциялау және салу;

– елді мекендерді абаттандыру.

ЖҚЖК инфрақұрылымдық жобаларын іске асыру кезінде отандық өндірушілердің кемінде 90%-ының тауарлары мен қызметтерін қолдануды қамтамасыз ету ерекше шарт болып табылады. Жұмысшылардың кемінде жартысын жұмыспен қамту орталықтары арқылы жалдайды, басымдық жұмыссыз жастарға беріледі. Мердігерлер санитарлық-эпидемиологиялық шараларды қолдана отырып, қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етуге тиіс.

Бағдарламаға қатысушылардың жартысы ауыл тұрғындары, 40%-ы – жастар және 7%-ы – табысы аз азаматтар.

ЖҚЖК шеңберінде жұмыспен қамтылғандардың ең жоғары үлесі Шығыс Қазақстан (20 мың адам немесе 106,2%), Қызылорда (9,3 мың адам немесе 99,9%) және Атырау (6,9 мың адам немесе 97,7%) облыстарында.

Бұған дейін хабарланғандай, ЖҚЖК аясында барлығы 255 мың жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Бұл ретте ЖҚЖК жобалары болашақта 100 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашуға негіз болады.