• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Қазан, 2020

Солтүстік Қазақстанда 16 қазаннан бастап карантиндік шектеулер қатаңдатылады

152 рет
көрсетілді

Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі хабарлады.

Сауда, ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, азық-түлік және азық-түлік емес дүкендердің, моншалар мен сауналардың жұмысы сағат 22.00-ге дейін қысқарады. Қоғамдық тамақтану орындарында келушілер саны 50-ден 30-ға дейін қысқарып, сағат 22.00-ге дейін ғана жұмыс істейді. Штатта 30-дан артық адам болған жағдайда, 50% кем емес қызметкерлер қашықтан жұмыс істеулері тиіс. Демалыс және мереке күндері мына нысандар уақытша жабылады: жабық киім-кешек базарлары, азық-түлік емес тауарлар сататын жабық базарлар, спорт нысандары, фитнес және тренажерлік залдар, бассейндер, білім беру орталықтары, үйірмелер, туризм нысандары мен сауда, ойын-сауық орталықтары, аумағы 500 шаршы метрден асатын азық-түлік емес тауарлар дүкендері (оларда орналасқан азық-түлік нысандары мен дәріханаларды қоспағанда). Демалыс күндері қоғамдық көліктердің жұмысы тоқтап, саябақтарға, бақтарға, өзен-көлдердің жағасына барып демалуға тыйым салынады.