• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Қазан, 2020

Мас күйінде көлікті айдап әкеткен ұры ұсталды

1265 рет
көрсетілді

Алматы облысында мас күйінде бөтеннің көлігін айдап әкетіп, жол-көлік оқиғасын жасаған жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Таңға жуық Талдықорған қаласы ПБ Батыс ҚПБ кезекші бөліміне қала тұрғыны хабарласып, түнгі уақытта оның “Мазда-626” маркалы автокөлігінің ұрланғаны туралы арызданған. Аталған дерек ҚР ҚК 200-бабының 1-бөлігі (Автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша тіркелді. Сағат 05.20 шамасында Алматы қаласының 20 жастағы тұрғыны болып табылатын күдіктіні патрульдік полицияның жасағы ұстады.

Ұсталған адамның айтуынша, ол Талдықорғанға достарына келген. Алкогольді ішімдікті шамадан көп ішіп, көшеге шыққанда ауладан көлікті көріп, оны өзінің пәтерінің кілтімен ашуға тырысқан. Автомобильді ашқан кілт тұтану құлпына да сай келген. Ол қозғалтқышты іске қосып, темір тұлпармен серуендемекші болған, алайда көлікті басқара алмай, бағанаға соғылған. Көлікті тастап, қашқан күдіктіні патрульдік полиция бірнеше минут ішінде ұстады. Ол өз кінәсін толық мойындады. Шытырман оқиғаны жақсы көретін күдікті автокөлік ұрлағаны, мас күйінде көлік жүргізгені және жол-көлік оқиғасын жасағаны үшін заң алдында жауап береді. Күдікті бұрын да қарақшылық пен тонау жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Мас ұры уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.