2020 жылғы маусымда Статистика комитеті қызметкерлердің санын есептелген жалақы мөлшері бойынша бөлу жөнінде бір жолғы зерттеу жүргізді.
Қазақстан Республикасында осы зерттеу жылына бір рет жүргізіледі. Зерттеумен 2020 жылдың маусым айында толық жұмыс істеген қызметкерлер қамтылды. Зерттеуге барлық ірі кәсіпорындар және кейіннен бас жиынтыққа таратыла отырып, ішінара 30% орта және шағын кәсіпорындар іріктеліп қатысты. Зерттеуде барлық қосымша ақыларды, үстемеақыларды, сыйлықақыларды, салықтар мен зейнетақы аударымдарын ескере отырып, 2020 жылғы маусым айы үшін нақты есептелген жалақы туралы деректер пайдаланылды. Қызметкерлерді жұмысшылардың негізгі кәсіптері мен қызметшілердің лауазымдары бойынша бөлу Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2017 жылғы 11 мамырдағы № 130-од бұйрығымен бекітілген және қолданысқа енгізілген Казақстан Республикасының Ұлттық кәсіптер сыныптауышына (бұдан әрі - ҰКС) сәйкес жүзеге асырылды.
Зерттеу қорытындысы бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың көрсетілген тобы бойынша 2020 жылғы маусымда толық жұмыс істеген қызметкерлер саны 2713,6 мың адамды құрады, оның ішінде ерлер (1246,6 мың адамды) 45,9%, әйелдер (1467 мың адамды) 54,1% құрады.
Қызметкерлердің жалпы санынан орташа айлық жалақыны 45 000 теңгеге дейін - 1,8% қызметкерлер, 45 000 теңгеден 105 000 теңгеге дейін – 30,8%, 105 000 теңгеден 210 000 теңгеге дейін - 39,2%, 210 000 теңгеден 300 000 теңгеге дейін – 14,2%, 300 000 теңгеден 420 000 теңгеге дейін – 7,2%, 420 000 теңгеден до 600 000 теңгеге дейін – 3,6%, 600 000 теңгеден 750 000 теңгеге дейін – 1,2%, 750 000 теңгеден 900 000 теңгеге дейін – 0,6%, 900 000 теңгеден жоғары – 1,4% қызметкерлер алды.
Экономикалық қызметтер бөлінісінде 75000-ға дейінгі жалақысы мен қызметкерлердің ең көп үлесі «Білім беру» (49,6%) экономикалық қызмет түрінде белгіленген, 450 000 теңгеден жоғары жалақымен – тау-кен өнеркәсібі (21,6%) саласында белгіленген.
Қызметкерлердің орташа айлық жалақысының медиандық мәні 142 291 теңгені құрады. Қызметкерлердің орташа айлық жалақысының модальдік мәні 169 792 теңгені құрады. Орташа айлық жалақының дифференциациясының децильдік коэффициенті 5,8 құрады.
Қазақстан Республикасы бойынша негізгі кәсіптер мен лауазымдардың топтары бойынша қызметкерлердің жалақысы
теңге
2018
2019
2020
Басшылар және мемлекеттік қызметшілер
322 115
332 440
354 462
Кәсіби мамандар
168 387
168 737
214 758
Техник мамандар және басқа да кәсіби көмекші персонал
121 748
131 323
165 218
Әкімшілендіру саласындағы қызметшілер
132 051
143 343
163 952
Көрсетілетін қызметтер және сауда-саттық саласының қызметкерлері
83 382
88 958
105 414
Фермерлер және ауыл мен орман шаруашылығының, балық шаруашылығының және балық аулау жұмысшылары
76 366
95 163
110 576
Өнеркәсіп, құрылыс, көлік және басқа тектес қызметтердің жұмысшылары
134 379
154 665
164 963
Өндірістік жабдық операторлары, құрастырушылары және жүргізушілері
144 946
160 020
195 694
Біліктілігі жоқ жұмысшылар
61 173
73 541
83 719
Қазақстан Республикасы бойынша жұмыскерлердің есептелген жалақы мөлшері бойынша құрылымы
пайызбен
2018
2019
2020
Барлығы
100%
100%
100%
олардан жалақыны алғандар:
45 000 теңгеге дейін
11,0
3,4
1,8
45 000 теңгеден 105 000 теңгеге дейін
38,3
42,7
30,8
105 000 теңгеден 210 000 теңгеге дейін
33,5
35,6
39,2
210 000 теңгеден 300 000 теңгеге дейін
8,0
8,9
14,2
300 000 теңгеден 390 000 теңгеге дейін
3,3
3,4
7,2
390 000 теңгеден жоғары
5,9
6,0
6,8
Орташа білімімен қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 133 268 теңгені, жоғары біліммен – 247 015 теңгені және жоғары оқу орнынан кейінгі біліммен – 472 654 теңгені құрады.Қызметкерлердің жасына қарай бөлінісінде 16 жастан 24 жасқа дейінгі орташа айлық жалақысы 134 843 теңгені, 25 жастан 28 жасқа дейін 168 508 теңгені, 29 жастан 34 жасқа дейін 200 629 теңгені, 35 жастан 44 жасқа дейін 219 270 теңгені, 45 жастан 54 жасқа дейін 204 527 теңгені, 55 жастан 64 жасқа дейін 190 950 теңгені, 65-тен жоғары - 229 407 теңге құрады.
*Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда.
Медиандық жалақы – есептелген жалақы мөлшерібойынша қызметкерлер санын бөлу қатарының ортасында тұрған және оны тең екі бөлікке бөлетін – төмен және жоғары медиандық жалақымен жалақы мөлшері;
модальдік жалақы – есептелген жалақы мөлшері бойынша қызметкерлер санын бөлу қатарында жиі кездесетін жалақы өлшемі;
децильдік коэффициент дифференциациясы – қызметкерлердің жалақы деңгейінің бойынша коэффициенті, ол 10% қызметкерлердің орташа жалақысының ең жоғары 10% қызметкерлердің ең төмен жалақысымен ара қатынасын сипаттайды.