• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Парламент 21 Қазан, 2020

Мәсли­хат­тар сайлауы алғаш рет партиялық тізім бойын­ша өтеді

483 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы туралы үндеуінде алдағы мәсли­хат­тар сайлауы алғаш рет партиялық тізім бойын­ша өтетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Алдағы мәсли­хат­тар сайлауы алғаш рет партиялық тізім бойын­ша өтеді. Пропорционалды модель әлем­дік демократиялық тәжірибеге толық сай келеді, саяси жүйені нығайтуға, демократияны дамытуға ықпал етеді, саяси партиялардың жұмысын жандандырады. Бұл жаңа бастамалар пар­тия­ларға еліміздің саяси жүйе­сін­дегі ұстанымын нығайту үшін қосымша мүмкіндіктер береді", делінген үндеуде.

Еске сала кетейік, бүгін Мемлекет басшысының Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы туралы үндеуі жарияланды.