• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 22 Қазан, 2020

Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің IV отырысына қатысады

550 рет
көрсетілді

Бүгін сағат 11.00-де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысына қатысады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz

"Шара барысында мемлекеттік басқару реформасы, әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешу, балалардың құқықтарын қорғау, ерекше мұқтаждығы бар адамдарды қолдау және т.б. мәселелер қаралады. Отырыс Президенттің Баспасөз қызметінің Фейсбуктегі AkordaPress парақшасында көрсетіледі", дейді Берік Уәли.