• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Қазан, 2020

Алматыда өткен тәулікте 32 қылмыс ашылды

1147 рет
көрсетілді

“Құқықтық тәртіп” жедел-алдын алу іс-шарасы барысында өткен тәулікте Алматы қаласында 32 қылмыс ізін суытпай ашылды, – деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

“Құқықтық тәртіп” жедел-алдын алу іс-шарасы 26 қазан -1 қараша аралығында өткізіледі.

"Іс-шараның мақсаты – қаладағы жедел жағдайды жақсарту, қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ, қылмыстардың алдын алу мен жолын кесу болып табылады. Жеке құрам қызметтің күшейтілген түріне көшірілді. Жаяу және автокөлік патрульдерінің бағыттары тығыздалды. Нәтижесінде өткен тәулікте 32 қылмыс ізін суытпай ашылды. Оның ішінде сегіз ұрлық, төрт алаяқтық, бір озбырлық және т.б. бар. Сонымен қатар есірткіні заңсыз сақтаудың төрт фактісінің, атыс қаруын заңсыз сақтаудың бес фактісінің, оқ-дәріні заңсыз сақтаудың сегіз фактісінің, суық қаруды заңсыз алып жүрудің және сақтаудың жиырма бір фактісінің жолы кесілді. Бұдан басқа кезекші тәулікте бұрын жасалған бес тонау, бес ұрлық, төрт алаяқтық, бір бопсалау мен бір зорлау қылмысы ашылды. Іздеуде жүрген бес адам ұсталды", – деді Алматы қаласының Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.

Бұдан басқа өткен тәулік ішінде 982 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін 6 адамға, алкогольдік ішімдіктер сатқаны үшін 3 адамға, ұсақ бұзақылығы үшін 145 адамға, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішкені үшін 168 адамға, тыныштықты бұзғаны үшін 101 адамға, түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың тұрғын жайдан тыс жүргені үшін 42 адамға, тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұрғаны үшін 249 адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ Алматы қаласының ПД қабылдау-тарату орталығына 16 адам орналастырылды.