СҚО Аққайың ауданынында тұратын 45 жастағы әйелде осы күнге дейін тек тууы туралы куәлік қана болған. Учаскелік инспектор бұл фактіні анықтап, оған көші-қон қызметіне жүгіну тәртібін түсіндірген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Полицейлер жағдайға түсіністікпен қарап, әйелге құжат алуға жәрдемдескен. Жеке тұлғасын растау бойынша қажетті сұрау салулар жасалған. Екі айдан соң ол аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция майоры Руслан Сапаровтың қолынан көптен күткен құжатын алды. Қазіргі таңда ол аудандағы шаруашылықтардың біріне жұмысқа орналасқан.
"Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында ауданда құжатсыз тұратын адамдарды анықтау бойынша жұмыс күшейтілді. Көші-қон қызметінің қызметкерлері учаскелік полиция инспекторларымен аула бойы тексеріс жүргізеді. Құжаты жоқ әрбір адамның басында түрлі өмірлік жағдай болады, біздің міндетіміз ауданның әр тұрғынына көмек көрсету", - дейді Руслан Сапаров.
Мұндай жұмысты полицейлер барлық аудандар мен облыс орталығында жүргізеді. "Учаске" ЖПШ басталғаннан бері СҚО-да реттелмеген құқықтық мәртебесі бар 162 адам анықталды. Әр жағдай бойынша құжаттандыруда көмек көрсету жөнінде жұмыс жүргізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы