• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Елорда 02 Қараша, 2020

Көше құрылысындағы көшелі істер

684 рет
көрсетілді

Елорданың есігінен еніп, босағасынан аттаған кез келген адам көрікті көшелеріне көз салмай өтпесі анық. Сәулетті де сәулелі ғимараттарынан кейін кілемдей төселген жолдары әдемі әсер сыйлайды. Иә, жайлы да жарық көшелер жиырма жыл болған қаланың сәні мен салтанатын асырып, мәртебесін көтеріп, ажарын аша түсері анық. Ендеше, жүзеге асып жатқан жүйелі жұмыстар мен атқарылған ауқымды істерге тоқталып көрсек.

 

Тынысыңды кеңейтетін жаңа жолдар

Биыл бөлінген қаржы аясында жалпы ұзындығы 100 шақырым болатын 150 көшеде жөндеу жүргізілуде. Атап айтқанда 50 орталық көшеде (58,6 км) және тұрғын алаптардағы 100 көше­де (41,4 км) жұмыстар жүргізілуде. Мы­салы, «Өндіріс» тұрғын алабында – 16 көше, «Кирпичныйда» – 12 көше, «Агро­қалашықта» – 21 көше, «Көктал-1»-де – 12 көше, «Промышленныйда» – 8 көше, «Оңтүстік-шығыста» 18 көшенің жолы жаңаруда.

Осылайша, қала аумағында асфальт­талмаған жолдардың саны 16,5%-дан 11,7%-ға (100,5 км) азаяды. Тұрғын аудан­дарда биыл 88 көшенің (32,38 км) жұмысы аяқталды. 13 көшеде (6,45 км ) жұмыс жүріп жатыр. 131 483 шаршы метр жол желісі жамалып, 8 көпір мен 4 жерас­ты жаяу жүргіншілер өткелі жөндеу­ден өтті. Көктал-2 тұрғын ауданын­дағы жұ­­­мыс­ты жыл соңына дейін аяқ­тау жос­­парланған. Осылайша бұл аудан инженерлік инфрақұрылыммен және жолдармен қамтамасыз етіледі.

Биыл Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 28 нысан бойынша құрылыс және күрделі жөндеу жұмыс­тарын іске асырып жатыр. Оның ішінде 7-еуі бойынша құрылыс аяқталған және 20 нысанның құрылысы жалғасуда. Жалпы ұзындығы 9 км болатын 10 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынады. Жоғарыда аталған ны­сандарды салу шеңберінде 11 бас мер­ді­герлік ұйым жұмылдырылып, 700-ден аса маусымдық жұмыс орындары құрылды.

Дәлірек айтсақ, 7 нысан бойынша құрылыс аяқталады. Олар – Мәңгілік Ел даңғылынан №38 көшеге дейінгі учас­кедегі №29 көшені, Ұлы Дала даңғылынан №29 көшесіне дейінгі учаскедегі №38 көшені, Тұран даңғылынан №37 көшеге дейінгі учаскедегі №26 көшені салу. Сыртқы инженерлік желілер мен жолдар салынады. Сондай-ақ Е117, ТМ-7 көшесін, «Бағыстан» ТК», «Зеленый квартал» көпфункционалды-тұрғын үй кешені ауданында көшелерді, Жұ­мабаев көшесінен Қордай көшесіне дейінгі учаскедегі №15 (Сарын), №16 көше­­лерді, әлеуметтік нысандарға кірме жол­дарды, №199, Е16, Е41, Е17 көше­лерінің шекарасындағы көшелерді салу жоспарланған.

«Ал 21 нысан бойынша құрылыс жалғасады. Бұл қатарда №39 көше­ден Шәмші Қалдаяқов көшесіне дейінгі учаскедегі №27 көшені, Тұран даң­ғылынан Шабал Бейсекова көшесіне дейінг­і учаскедегі №27 көшені, А43 көше­сінен Хусейн бен Талал көшесіне дейін­гі учаскедегі Тәуелсіздік даңғылын, Ақан Сері көшесінен Абайдың 150 жыл­дығы көшесіне дейінгі учаскедегі С.Сей­фуллин көшесін, №14 көшеден №44 көшеге дейінгі учаскедегі Мағжан Жұмабаев көшесін, Тұран даңғылынан Қабанбай батыр даңғылына дейінгі учаскедегі Орынбор (24) көшесін, әлеу­меттік нысандарға кірме жолдар салу бар.

Сонымен қатар «Нұра-Есіл» каналынан №39 көшеге дейінгі учаскеде №Е31 көшені, Ш.Бейсекова көшесінің батысына қарай тұрғын алап көшелерін салу қолға алынған. Бірінші кезекте Е363 көшеден Қорғалжын тасжолына дейінгі учаскедегі Е429 көшесі, Сы­ғанақ көшесінен Е22 көшесіне дейін­гі учаскедегі Е51 көшесі салына­ды. Сондай-ақ Е67 көшесінен Е22 көше­сіне дейінгі учаскедегі Е49 көшені салу, Мирзоян-Ақыртас көшелері – Тәуел­сіздік даңғылы – Қошқарбаев даңғылы шекарасындағы аудан жолдары (ҚМДБ), №12, №14, Угольная, Ш.Бейсекова көшелерімен өтетін шағын айналма жол құрылысы жүргізіледі. Тілендиев даңғылынан Конституция көшесіне дейінгі Ш.Бейсекова көшесін салу (5-жылу трассасын енгізу) жалғасады.

Көлік және жол-көлік инфрақұры­лымын дамыту басқармасының өкіл­дері Алаш тасжолының батысына қарай коммуналдық базарға кірме жол­дардың құрылысы да жалғаса­тынын жеткізді.

Алаш тасжолының батысына қарай коммуналдық базарға кірме жолдар, №14 көшесінен Қырқыншы стансаға дейінгі учаскедегі Угольная көшесі, Е10, Е30, Е15 және Е25 көшелерінің шекарасында көшелер, Ш.Бейсекова көшесінен К.Күмісбеков көшесіне дейінгі учаскедегі Жангелдин көшесі, Алаш тасжолынан Сарытөбе көшесіне дейінгі учаскедегі 191 көше, әлеуметтік объектілерге кіреберіс жолдар салынып жатыр. Е67 көшесінен Е22 көше­сіне дейінгі учаскедегі Е49, Қордай көше­сінен Нұр-Сұлтан – Қарағанды тас­жолына дейінгі учаскедегі А62 көшені салу, Республика даңғылынан Уәли­ханов көшесіне дейінгі учаскедегі Ә.Жан­гелдин көшесін қайта жаңарту жал­ғасады. Ал 2-кезек – Рахимов көше­сінен Уәлиханов көшесіне дейінгі учас­ке, №14 көшесінен №41 көшесіне дейін­гі учаскедегі Баянтау көшесін салу, Сарай­шық көшесінен Сығанақ көшесіне дейінгі учаскедегі, Е305 көшесіндегі инженерлік желілер мен жолдарды салу жалғасады.

 

Жағалауды қос көпір жағалайды

Нұр-Сұлтандағы көшелерге артылған шамадан тыс жүктемені азайту үшін жолайрықтар, көпірлер мен өткелдер салынып жатыр. Биыл 150 көше жөн­деліп, кейбіреуі жаңадан салынады. Осы жы­лы жоспарланған жол жұмыстарының 70%-ы елді мекендерде жүргізіледі. Жөндеу жол­дарының құрылысы – әкімдіктің бақылауында.

«Nova City аумағы, №39 (Тәуелсіздік) көшесінен №27 көшенің бір бөлігінде жол саламыз. Бұл көше әуежай мен «Тельман» елді мекеніне қарасты жолды жалғауға мүмкіндік береді. Елді мекен тұрғындарының қалаға жол жүру уақыты едәуір қысқарады. Сонымен қатар Мәңгілік Ел және Ұлы Дала даң­ғыл­дарындағы жүктемені азайтуға мүм­кіндік береді. Осы жаңа көшеден Есіл өзені мен Нұра – Есіл каналы арқы­лы өтетін екі көпір болады. Қазір құ­рылыс жұмыстары жүріп жатыр. Көпір­лер оң және сол жағалауды жалғап, қаланың екі бөлігін айналма етуге мүмкіндік береді», деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Шаһар басшысы тұрғындармен кездесу, азаматтарды қабылдау және есеп беру кездесулерінде қала тұрғындары жолдарды асфальттау мәселесін көтергенін атап өтті.

«Біз барлық ұсынысты жинап, кесте құрдық, дайындық жұмыстарын жүр­гіздік. Биыл жөнделіп жатқан жол­дар бірнеше критерий бойынша таң­далды. Негізінен бұрын асфальт бол­маған жолдарды таңдадық. Мұн­дай жолдардың көбі елді мекендерде орналасқан. Сонымен қатар жаңа автобус бағыттары іске қосылатын көшелер мен қозғалыс қарқыны жоғары көшелер қамтылды. Сапасыз жолдарды қабылдамаймыз. Жол сапасыз болған жағдайда мердігерлер өз есебінен жолды қайта жасайтын болады», деп атап өтті әкім.

Көктемнің басынан қала билігі жол жөндеу жұмыстарына кірісіп кетті. Биыл 150 көшені жөндеу жоспарланған.

Елорда әкімі аралау барысында «Көктал» және «Агрогородок» елді мекен­дерін­дегі бірқатар көшенің құры­лыс барысымен танысып, осы екі елді мекенде 33 көшені жөндейтіндерін жеткізді. Сонымен қатар барлық ауданда әлеуметтік нысандар, қолжетімді тұрғын үй құрылысы, жарықтандыру шамдарын орнату, аумақтарды абаттандыру, нөсер кәріздерін орнату бойынша жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп жатыр.

 

Жаяу жүргіншілер өткелдері іске қосылды

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің хабарлауынша, қосымша жарықтандырумен рет­телетін 14 жаяу жүргіншілер өткелі қосылды. Жолдарда әдеттегі көше жары­ғынан басқа, арнайы жарық­тан­дыру қолданылады. Елордада жол қоз­ғалысы қауіпсіздігін арттыру бағдар­лама­сы аясында маңызды міндеттердің бірі ретінде жаяу жүргіншілердің қауіп­сіз қозғалысын қамтамасыз ету қарас­тырылған. Осылайша жаяу жүргін­ші­лерге арналған бағдаршамның рұқ­сат бере­тін белгісінің жануы кезінде жаяу жүр­гіншілер жолына арнайы интеграцияланған жарықтандырумен реттелетін жаяу жүргіншілер өткелдерін жобалау жүргізілді.

Қосымша жарықтандырумен ретте­летін жаяу жүргіншілер өткелдері­нің жүйесі қараңғы уақытта жолдан өткендердің көрінуін жақсартуға ар­налған. Осылайша қосымша жарық­тан­дыру арқылы жүр­гізу­шілердің назарын аударады. Мұндай жаяу жүргін­шілер өткелдерінің жұмыс прин­ципі адамдардың қозғалысына рұқ­сат беретін белгімен бір уақытта арна­йы жарықты қосудан тұрады. Бірінші – жаяу жүргінші шақыру панелін басады, екінші – жаяу жүргінші үшін жасыл бел­гі жанады, үшінші – қосымша жарық жанады.

Қосымша жарықтандырумен жаб­дық­талған жаяу жүргіншілер өткел­дері Кенесары, Достық, Мәскеу – Хмель­ницкая, Күйші Дина, Қонаев, Ақмешіт, Түркістан және Алматы көшелерінде, сондай-ақ Тәуелсіздік, Абай, Момышұлы және Мәңгілік Ел даңғылдарында орналасқан.

 

Веложол саны артып келеді

Жыл сайын велосипедпен жүру елорда тұрғындары арасында үлкен сұранысқа ие. Мамандар велоспортпен айналысудың пайдасы аз емес екенін айтады. Бұл ұйқының жақсаруы, қан айналымы, төзімділіктің жоғарылауы, стре­с­тің төмендеуі және басқалар. Астанада саламатты өмір салтын ұстануға барлық жағдай жасалған. Жыл сайын жүгіруге және велосипедпен жүруге арналған жолақтар саны артып келеді.

Осылайша, қаладағы барлық веломаршруттар үш түрге бөлінеді: іскер­лік, рекреациялық және туристік. Бірін­шісі түзу, велосипед жолдары­ның ара­сындағы байланыстармен ерекшеленеді. Оның мақсаты – велосипедші аз уақытта қажетті жерге жете алады. Рекреациялық жолдар тармақталған, саябақтар мен алаңдар арқылы өтеді, велосипед тебуді және қоршаған ландшафтты тама­шала­ғысы келетіндерге арналған. Турис­тік бағыт қаланың көрікті жерлерін және елор­да қонақтарының қызығушылығын тудыруы мүмкін жерлерде орналасқан. Велосипед әуесқойлары Триатлон сая­бағында, «Астаналық», «Жерұйық» және Бо­та­ни­калық бақта еркін серуендей алады.

Дене шынықтыру және спорт бас­қарма­сының мәліметінше, бүгінгі таңда қалада 70 км веложол іске қосыл­ды, тағы 123 км жабдықтау жоспарлан­ған. 2020 жылы – 46,4 км, 2021 жылы – 36 км, 2022 жылы 40,7 км веложол пайдалануға беріледі. Жасыл белдеу аумағында 23 км веложол бар.

Жыл сайын спортпен айналысуға қолайлы жағдайлар жасалып келеді. Жаңа веложолдар мен жүгіру жолдары, арнайы жабдықталған алаңдар, жаңа спорт орталықтары салынуда. Нәти­жесінде, саламатты өмір салтын ұста­натындар саны артуда. Бүгінде Триатлон паркі, «Астаналық», «Жерұйық» саябақтары мен Ботаникалық бақта веложолдар мен жүгіру жолдары жұмыс істейді. Велосипед жолдарының ұдайы ұзарып отырады.

 

ITS-тің игілігі мол

Интеллектуалды көлік жүйесін кез келген заманауи қаланың логистикасын басқару құрылымының міндетті элементі деп атауға болады. Ол көлік құралдарының есебін автоматты режімде жүргізуге мүмкіндік беріп, алынған деректер негізінде едәуір жүктелген учас­кеде басым бағытты өткізу шешімін қабылдайды.

ITS инфрақұрылымнан, көлік құрал­дарынан, жүйеге қатысушылардан, сондай-ақ жол-көлік реттеуден тұрады. Интеллектуалды көлік жүйесінің елордада қосылу және енгізілу себебі – жол қозғалысының мобильділігі мен қауіпсіздік көрсеткіштері үнемі өсуі. Мысалы, жүйені қолдану тәжірибесі маңызды қоғамдық және экономикалық көрсеткіштерге жетуге ықпалын тигізеді. ITS арқасында жол кептелісінде уақыт жоғалтуды екі есе қысқартуға, мұндағы жол жүргендегі уақытты 20%, қоршаған ортаға шығатын зиянды заттар мен энергия шығынын 10%-ға төмендетуге мүмкіндік туғызды.

Соңғы 3 жылда ITS жүйесімен 443 бағдаршам объектілерінің 107-сі қам­тылды. Бұл оң ықпалын тигізіп, жер­гілікті учаскелерде ITS қолдана отырып, көлік ағымы жылдамдығы 18%, өт­­кізу қабілеті 40% ұлғайды. Көше-жол желі­сінде бағдаршам реттеуді жетіл­діру­ді әлемдік ең жақсы тәжірибені қол­дана отырып, қалада қызыл түсті қосу бел­гісі «+» бар бағдаршамның қо­­сым­­ша сек­циясы орнатылған. Олар қара­­ма-қар­сы қозғалысқа тыйым салын­­ғанын хабар­лауға арналған. Бұл кедер­гісіз солға бұ­ры­­лу­ды жүзеге асы­руға мүмкіндік бере­ді, осы­лай­ша көлік құрал­дарының өт­кізу қа­б­ілетіндегі қоз­ғалыс тиімділігін артады.