• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
22 Қараша, 2013

Мүгедектерге де мүмкіндік керек

374 рет
көрсетілді

Бейсенбі күні Парламент Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтановтың төрағалық етуімен Қазақстан Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысы болып өтті.

 

Бейсенбі күні Парламент Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтановтың төрағалық етуімен Қазақстан Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысы болып өтті.

Онда еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен оның аумақтық органдарының мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етудегі қызметі талқыланды. Комиссия жұмысына Қазақстанның заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтары органдарының өкілдері, адвокаттар, құқықтанушы ғалымдар, халықаралық және үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдарының, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарының мүшелері қатысты.

Отырыс барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова сөз алып, күн тәртібіне қойылған мәселе төңірегінде әңгіме қозғады. Сондай-ақ, жиын аясында мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнамаға және құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру саласына қатысты маңызды мәселелер талқыланып, пікір алмасылды.

Отырысқа қатысушылар қамкөңіл жандардың құқықтарын қамтамасыз етуде кездесетін түйткілдерді шешу тек ведомстволық міндет еместігін, бұл биліктің барлық тармақтарының азаматтық қоғам институттарымен өзара тығыз іс-қимылын талап ететінін атап өтті. Бұл ретте, Адам құқықтары жөніндегі комиссия мүшелері мүмкіндіктері шектеулі азаматтарды мемлекеттік биліктің өкілетті органдарына сайлау және сайлануы туралы Конституциялық құқықтарын іске асыру мақсатында саяси партияларға мүгедектерді өз қатарларына тартуды ұсынды. Сондай-ақ, олар қамкөңіл жандардың мемлекеттік қызметке қолжетімділігін қамтамасыз етуде оларға тиісті квотаны заңнамалық тұрғыда белгілеу қажеттігіне назар аударды.

Отырыста Адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшысы Тастемір Әбішев Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясының қабылдануының 65 жылдығына және Халықаралық адам құқығы күніне арналған іс-шаралар туралы баяндап берді.

Ал комиссия отырысында қабылданған ұсыныстар тізбесі Мемлекет басшысының, Қазақстан Парламенті мен Үкіметінің қарауына жіберілетін болады.

Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар