• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
23 Қараша, 2013

Брюссельде өткен маңызды басқосу

410 рет
көрсетілді

Брюссельде Еуропалық Одақ және Орталық Азия елдерінің жетінші Министрлік кездесуі болып өтті. Қазақстаннан кездесуге Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов қатысты.

 

Брюссельде Еуропалық Одақ және Орталық Азия елдерінің жетінші Министрлік кездесуі болып өтті. Қазақстаннан кездесуге Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов қатысты.

Отырыс барысында сыртқы саясат ведомстволарының басшылары Орталық Азиядағы Еуроодақ стратегиясы шеңберіндегі өңіраралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Бұдан бөлек, тараптар сот-құқықтық жүйені реформалау, білім беру стандарттары мен сапасын арттыру, қоршаған ортаны қорғау өзара сауда көлемі мен инвестиция түсімін арттыруға бағытталған Орталық Азия өңіріндегі Еуроодақтың маңызды бастамаларын қарастырды.

Қазақстанның ЕО-ның өңірлік стратегиясы шеңберінде іске асырылып жатқан іс-шараларына белсенді қатысып келе жатқандығы атап өтілді. Атап айтқанда, заң үстемдігі жөніндегі еуропалық бастаманың кезекті кездесуі 2014 жылы Астанада өткізілуі ұсынылып, оған барлық мүдделі тараптар қолдау білдірді.

Заңның үстемдігі жөніндегі пікірталас барысында терроризм, сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес саласындағы құқықтық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Осы орайда Е.Ыдырысов Қазақстанның қылмыстық өндіріс және сыбайлас жемқорлықпен күрес саласында 6 маңызды еуропалық конвенцияға қосылу мәселесінде қол жеткізілген уағдаластықты атап өтіп, біріккен Еуропаның барлық құрылымдарын ұлттық заңнаманы шетелдің озық тәжірибесімен сәйкестендіруге бағытталған Қазақстанның бұл бастамасын қолдауға шақырды.

Е.Ыдырысов Еуроодақпен әріптестіктің басым бағыттарының бірі ретінде Қазақстанға инновация және технологияларды тарту саласындағы ынтымақтастық пен білім беру саласындағы өзара әрекеттестікті анықтады. Қазақстандық дипломат инновациялық «жасыл» технологияларды Орталық Азия өңіріне трансферттеуді қолдай отырып, ЕО басшылығын «Жасыл көпір» серіктестігі бағдарламасына қосылуға шақырды.   Бұдан бөлек, кездесуде Орталық Азиядағы проб­лемалар, соның ішінде, Ауғанстаннан халықаралық контингенттің шығарылуына орай туындауы мүмкін мәселелер, жаңа жаһандық қауіп-қатерлер мен кедейшілік проб­лемалары, сондай-ақ, Орталық Азия елдерін дамытуға жәрдемдесу мәселелері талқыланды.

Министрлер кездесуі аяқталған соң Е.Ыдырысов Литва Сыртқы істер министрі Линус Линкявичюспен (2013 жылдың 31 желтоқсанына дейін Литва ЕО Кеңесінің төрағасы) және Еуроодақты дамыту жөніндегі комиссар Андрис Пибалгспен екіжақты келіссөздер өткізді. Аталған кездесулер барысында Орталық Азияға жәрдемдесу жөніндегі ЕО бағдарламалары, саяси және экономикалық ынтымақтастықтың түрлі аспектілері, қазақстандық әуе компанияларының еуропалық әуе кеңістігінде ұшу мүмкіндігін кеңейту, сондай-ақ, Қазақстан азаматтары үшін визалық тәртіпті жеңілдету мәселелері талқыланды.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар