• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Президент 10 Қараша, 2020

Президент шұғыл шешілуі тиіс экологиялық проблемалардың тізімін құруды ұсынды

240 рет
көрсетілді

Бұл туралы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz

"Біз экологиялық проблемаларды, олардың еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына теріс салдарын басты назарда ұстауға міндеттіміз. Сондықтан да ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің тиісті ведомстволары үшін осынау проблема бойынша өзара іс-қимылды күшейту барынша маңызды. ШЫҰ-ның шұғыл ұжымдық шешімді талап ететін экологиялық проблемалары тізімін құру бұл саладағы істің жай-күйіне қатысты жайтты қалыптастыруға мүмкіндік берер еді", деді Қасым-Жомарт Тоқаев.