FinReview.info сарапшылары мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін мұқият зерттеп, Қазақстандағы ірі 50 салық төлеушіні анықтады. 50 компания 2020 жылдың он айында ел қазынасына 2,9 трлн теңге аударған. Бұл бюджетке түсетін салықтық түсімдер жиынтығының 50 пайызына тең.
Бірден айту керек, биыл Қазақстандағы салықтық түсімдер айтарлықтай кеміді. FinReview.info сарапшылары оның 10,3 пайызға азайғанын хабарлады. Бұлай болуы заңды. Өйткені биыл пандемияға байланысты елімізде бірнеше рет салықтық режімді жеңілдету шаралары қабылданды. Бұл өз кезегінде шағын және орта бизнестің дамуын ынталандырды. Мәселен, 1 қазаннан бастап шағын және орта бизнес субъектілері еңбекақы төлеу қорынан салықтар мен әлеуметтік төлемдер аударудан босатылды.
Десе де, мұндай қадамдар елдегі іскерлік белсенділікті төмендетті әрі салықтық түсімдерді қысқартты. 2020 жылдың тоғыз айында мемлекеттік бюджетке 5,8 трлн теңге салықтық түсім түскен. Көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 664 млрд теңгеге немесе 10,3 пайызға кем.
Әдеттегідей, бюджетке түскен негізгі соманы мұнай және ілеспе газ өндірумен айналысатын кәсіпорындар аударған. FinReview.info рейтингіндегі 50 орынның 19-ы осы салада жұмыс істейтін компанияларға бұйырған. Мұнай-газ секторы тоғыз айда салықтық төлемдердің 61 пайызын қамтамасыз еткен. Бұл дегеніміз – 1,8 трлн теңге. Атап өтерлігі, өткен жылмен салыстырғанда аталған сектордың биылғы көрсеткіші 49 пайызға төмендеген. Мұндай жағдай алғаш рет тіркеліп отыр.
Мұнай-газ секторынан кейінгі орында металлургия тұр. Бұл саланың жалпы салықтық түсімдер жиынтығындағы үлесі 318,8 млрд теңге немесе 10,8 пайыз. Одан кейінгі орынға темекі өндіру саласы орналасқан. Бұл салада үш ірі кәсіпорын жұмыс істейді. Олар тоғыз айдың ішінде 221,9 млрд теңге салық төлеген. Төрттікті кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу компаниялары түйіндеген. Олар бюджетке 139,7 млрд теңге аударған. Сондай-ақ рейтингке мұнай өңдеу, телекоммуникация, банк секторы, логистика, спирттік сусындар өндірісі, инженерия секілді салалар енген.
Салықты көп төлейтін компаниялардың үштігіне «Теңізшевройл» ЖШС, «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» және «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ еніп отыр.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТОП-50 САЛЫҚ ТӨЛЕУШІ
Компания
Салықтық түсімдердің
көлемі
2020 жыл
(қаңтар-қыркүйек)
2019 жыл
1. «Теңізшевройл» ЖШС
782 568 683 908
1 939 713 254 375
2. «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.»
318 534 908 668
627 293 673 261
3. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
96 592 458 882
367 951 149 857
4. «Қазцинк» ЖШС
96 348 429 163
143 019 326 098
5. «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС
91 443 218 980
95 146 150 987
6. «Джей Ти Ай Қазақстан» ЖШС
88 301 710 998
102 482 838 652
7. «Ембімұнайгаз» АҚ
84 338 948 750
194 867 653 774
8. «СНПС – Ақтөбемұнайгаз» АҚ
83 731 372 912
162 112 675 557
9. «Өзенмұнайгаз» АҚ
76 718 295 402
188 340 845 129
10. «Қазгермұнай» БК» ЖШС
65 072 783 511
124 231 435 545
11. «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.»
50 805 411 925
88 197 508 644
12. «Altyntau Kokshetau» АҚ
49 273 704 905
59 026 700 273
13. «KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС
48 776 773 532
54 322 702 458
14. «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС
48 356 037 531
47 838 602 515
15. «Қазақстан Халық жинақ Банкі» АҚ
45 581 114 048
45 581 114 048
16. «Қазхром» ТҰК» АҚ
44 945 448 460
44 945 448 460
17. «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС
44 289 638 713
66 915 300 111
18. «Бритиш Американ Тобакко Казақстан Трейдинг» ЖШС
42 125 868 906
41 303 868 614
19. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС
41 830 696 636
75 449 099 866
20. АрселорМиттал Теміртау
37 624 023 100
72 157 029 990
21. Павлодар мұнай-химия зауыты
37 291 282 619
25 671 372 450
22. «ССКӨБ» АҚ
37 179 502 170
67 196 968 095
23. «Қаражанбасмұнай» АҚ
36 562 900 614
115 283 469 081
24. «Kaspi Bank» АҚ
33 946 048 519
39 465 318 411
25. Каспий құбыр консорциумы
33 763 455 687
35 949 290 143
26. «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ
33 364 474 289
92 082 383 335
27. Атырау мұнай өңдеу зауыты
32 283 831 776
36 697 365 211
28. «Каспий Мұнай» АҚ
31 187 238 466
67 097 050 176
29. «ВостокЦветМет» ЖШС
28 187 977 817
30 403 267 530
30. КаР-Тел
28 048 626 354
37 055 949 290
31. «Consolidated Contracting Engineering & Procurement S.A.L. – Offshore»
27 955 791 205
33 221 111 373
32. «ҚазТрансОйл» АҚ
27 873 915 953
39 229 731 627
33. Аджип Қарашығанақ Б.В.
26 494 534 336
74 226 647 559
34. «Мобайл Телеком – Сервис» ЖШС
24 369 092 806
34 890 708 776
35. «Болашақ-Атырау» ЖШС
23 775 450 632
35 453 408 130
36. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ
23 003 462 557
15 872 237 261
37. «Carlsberg Kazakhstan» ЖШС
19 128 344 849
21 272 965 174
38. «Қазақтелеком» АҚ
18 326 149 468
33 665 907 151
39. CNPC Интернешионал (Бузачи) Б.В.
18 194 461 593
42 100 337 426
40. «Матен Петролеум» АҚ
18 074 343 098
51 987 269 966
41. ЛУКОЙЛ Оверсиз Қарашығанақ Б.В.
17 663 621 795
40 380 725 838
42. Нельсон Петролеум Бузачи Б.В.
17 231 104 148
43 926 090 555
43. Шлюмберже Лоджелко ИНК
15 746 238 516
15 746 238 516
44. «КСЕЛЛ» АҚ
15 599 458 910
21 284 053 963
45. «Интергаз Орталық Азия» АҚ
15 483 599 915
20 535 775 928
46. Шеврон Интернэшнл Петролеум Компани
15 081 548 163
54 100 439 101
47. «Инкай» БК» ЖШС
14 333 981 906
19 764 414 999
48. «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ
13 390 134 213
44 934 099 052
49. Би Джи Қарашығанақ Лимитед
12 028 112 350
78 096 137 306
50. «ҚазСтройСервис МГҚК» АҚ
11 916 577 997
36 109 645 175
БАРЛЫҒЫ:
2 944 744 791 651
5 844 596 756 812
FinReview.info деректері бойынша