• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 15 Қараша, 2020

Діни материалдар таратушы жауапкершілікке тартылды

399 рет
көрсетілді

СҚО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері діни материалдарды заңсыз тарату фактісі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz

30 жастағы петропавлдық WhatsApp мессенджеріндегі статусына діни сипаттағы фотосуреттерді жиі қойып отырған. Оған қарсы СҚО ПД ЭҚІҚБ қызметкерлері Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 490-бабы – "Қазақстан Республикасының діни қызметі және діни бірлестіктері туралы заңнамасын бұзу" бойынша өндіріс қозғады. Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен оған 35 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеу түріндегі жаза тағайындалды.

"Діни сенім еркіндігі заңға қайшы келмеуі тиіс. Діни материалдарды шіркеулерде, мешіттерде және діни бағыттағы білім беру ұйымдарында не жергілікті атқарушы орган берген тиісті рұқсаты бар кітап дүкендерінде ғана таратуға болады. СҚО-да мұндай дүкендердің саны 15, оның 14-і Петропавлда, біреуі Айыртау ауданының орталығы Саумалкөл ауылында орналасқан. Діни кітаптарды жеке кітапханадан не басқа жолдармен таратуға тыйым салынған", дейді СҚО ПД ЭҚІҚБ бастығы полиция подполковнигі Руслан Жарасбаев.