• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Қараша, 2020

Ханкөл ауылындағы елесті тексеруге полицейлер жіберілді

1657 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев жергілікті тұрғындарды қорқытатын елесті тексеру үшін полицейлерді Ханкөл ауылына (Қаратөбе ауданы) жіберді, - деп хабарлайды Egemen.kz "Үміт" газетіне сілтеме жасап.

Әкім елеске қатысты ақпарат расталмаған деп есептейді, бірақ бәрібір полицияға жағдайды тексеруді бұйырды.

"Ешқандай мәселе болмауы керек, себебі күнде таңертең құқыққорғау органдары маған тұрғындарды не мазалайды немесе қандай мәселе туындағаны туралы ақпарат береді. Егер бұл сондай есепте болмаса, демек жалған ақпарат немесе біреулер қалжыңдап жүр. Мен біздің мұндай проблемамыз жоқ деп ойлаймын. Полиция қызметіне тексеруді тапсырамын", - деді Есқалиев.

Еске сала кетейік, Қаратөбе ауданындағы кішкентай Ханкөл ауылының тұрғындары өз ауылының маңында сары шашты әйелдің елесі пайда болды деп алаңдаулы. Жергілікті тұрғындар тіпті жын-перілерден арылу үшін садақа беріп, құрбандық шалу рәсімін де жасады.