• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 18 Қараша, 2020

Ауыз су тапшылығы қайтсе реттеледі?

257 рет
көрсетілді

Республикамыздың батыс бөлігінде жыл сайын өсіп-өркендеп, қанатын кеңге жайып келе жатқан қаланың бірі – Орал. Жайықтың жағасында орналасқан көне де жаңа шаһардағы тұрғындар саны да жыл сайын өсіп келеді. Оның болашағы бұдан да жарқын болатынына да ешқанай шәк жоқ.

Облыс орталығының жедел қарқынмен дамуы іс басында жүрген атқарушы орган жетекшілерінен стратегия­лық ойлау жүйесін ұстануды қажет ететіні де хақ. Соның ішінде мұнда соңғы жылдары ауыз су тапшылығы айқын сезіліп отырғаны оларды ой­лан­дыруға тиіс.

Осы орайда сәл шегініс жасар болсақ, бұған дейін Орал қаласын ауыз сумен қамту мәселесі 60 шақырым қашық­тықтағы су көздері арқылы шешіліп келгеніне көз жет­кіземіз. Олардың қата­рында Январцев, Тоқпай, Көшім, Серебряков және Орал су қоймалары бар. Әйтсе де соңғы кезде атал­ған гидроинженерлік нысан­дардың тек екеуі ғана жұмыс істеп тұрғаны қалада ауызсу тапшылығының пай­да болуына себепші болды десек қате­лесе қоймаспыз. Жоға­ры­да аталған екеудің бірі Орал су қоймасы десек, аталған құры­лым қаланың орталығы мен сол­түстік-шығыс аудандарын ауыз сумен қамтып отыр­ғанын көреміз. Сарапшы маман­дардың мәлімдеуінше, мұндағы су қорының тәулік­тік жал­пы өнімділігі 65 600 текше метрді құрауға тиіс. Әйтсе де қазіргі күні оның мөлшері 2-3 есеге дейін аза­йып кеткені болып отыр.

Тағы да су мамандарының айтқанына сүйенсек, бұл жерде көптеген су ұңғымалары бар екен. Соларды тереңдетіп қазу жұмыстары қолға алынса, ауыз су көлемін әжеп­тәуір ұлғайтып, жылына 5 млн 600 мың текше метр су өн­­діруге жол ашылатын көрі­­неді. Сонымен бірге Орал су қоймасы маңынан тағы да бірнеше ұңғыма қазу бел­­гіленіпті. Әрі оның тең жартысының жобалық-сме­та­лық құжаттары жасалып, мем­лекеттік сараптаманың қарауы­на жолданған. Қал­ған ұң­ғы­маларға қажетті құжат­тар жасақталуы үшін тиісті зерт­­теулер жүргізу ісі қол­ға алын­ған. Бүгінде Орал қала­сы­ның шеткері аумақ­тарын ауыз ­сумен қамтуға тиіс Серебряков су қоймасы төңі­регін­де де күрделі жағдайлар қалып­тасып отыр. Оны реттеу мен қалпына келтіру және қо­сымша ұңғымалар қазу жұмыс­тары әзірге тек құрғақ сөз, болжам және жоспар күйін­де қалып келеді. Орал қа­ла­сындағы су тапшылы­ғын жою жөніндегі жоғарыда ай­тыл­ған жайттар мүмкін так­ти­ка­лық тұрғыдан тиімді де шы­ғар, бұған талас туғызу қиын.

Әйтсе де қаланың бұдан әрі дамуы және тұрғын­дар саны­ның өсуі секілді стра­те­гиялық мәселелер тұр­ғы­сы­нан қарастырғанда тек ұң­ғы­ма­лар қазып, су көле­­мін ұлғайту секілді іс-шара­лар тым тарлық ететі­нін де аң­ғару қиын емес. Бір сөзбен айт­қанда Орал қаласын ауыз сумен үзіліс­сіз қамту жөніндегі проб­лемалық мәселеге жан-жақ­ты әрі кешенді сипат бері­ліп, тың су көздері мен қорын іздестіріп тауып, оны иге­руге ұмтылыс жасалса, еш­қан­дай артықшылығы бол­мас еді деген ойдамыз.

Бұл үшін ең алдымен Орал қаласы маңындағы жер асты су көздерінің картасы жасақ­талып, соған сәйкес стра­те­гиялық іс-қимыл бағ­дар­ла­масы белгіленсе, мұ­ның өзі шекаралық өңірдегі шаһ­ар­дың одан әрі бой тіктеуіне қосылған қомақты үлес бола алатыны анық. Тұрғындарды ауыз сумен қамту ұғымының аясы өте кең екені аян. Яғни оның шеңберінде Орал қала­сын­дағы ескірген ауыз­ су құбырлары­на күрделі жөн­­деулер жүргізі­ліп ауысты­рыл­­са, нұр үстіне нұр. Бұл ба­ғыт­та атқарылған істердің сапа­сы жоғары болуы ұдайы назарда ұсталса – ауыз су құ­быр­ларының пайдалану мерзімі де соғұрлым ұзақ бо­латыны талассыз. Екінші­ден мәселеге сапалық тұр­ғы­дан келе білу қаржыны үнем­ді жұмсауға септігін тигі­зетіні де дәлелдеуді қажет ет­пейді. Міне, осындай жәйт­тер оң жолға қойылса, Орал қала­сында ауыз су ре­сурс­тары­ның қажетті қорын толықтыру мәсе­лесі де сатылап өз шеші­мін таба берер еді.

 

 

ОРАЛ