• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 24 Қараша, 2020

Жаяуға да жаза бар

252 рет
көрсетілді

Өскеменде жол жүру ережесін бұзушылардың көбі жаяу жүргіншілер, деп хабарлайды Egemen.kz.

Айналдырған үш күннің ішінде полиция қызметкерлері жаяу жүргіншілерге 250-ге жуық әкімшілік хаттама толтырып, айыппұл салған.

"Әсіресе қыс мезгілінде, жаяу жүргіншілер жолдан өтпес бұрын келе жатқан көліктің жылдамдығын азайтып, тоқтай алатынына көзін жеткізу керек. Содан кейін ғана жолдан өтуіне болады", - деді патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Ержан Кәрімов.

Ал жүргізушілердің көбі жаяу жүргіншілер жолағына таяғанда, қауіпсіздікке көз жеткізіп барып өтеді. Патрульдік полицейлердің мәліметіне сүйенсек, осы күн ішінде жаяуларға жол бермеген 82 жүргізушіге ғана айыппұл салынған. Дейтұрғанмен, бұл да аз көрсеткіш емес.