• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Қоғам 30 Қараша, 2020

Қылмыс азайып келеді

186 рет
көрсетілді

Қауіпсіздік Кеңесінің аппаратында қылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде кеңес өтті, деп хабарлады Ақорда сайты.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Пре­зи­дент­тің Көмекшісі – Қауіпсіз­дік Кеңесінің хатшысы Әсет Исе­ке­шев қылмысқа қарсы іс-қимыл және жол қозғалысы қа­уіпсіздігін қамтамасыз ету мә­селелері жөнінде кеңес өткізді.

Жиынға орталық мемле­кеттік, құқық қорғау және жер­гі­лікті атқарушы органдар бас­шы­ларының орынбасарлары, сон­дай-ақ облыстардың, рес­пуб­ликалық маңызы бар қала­­лардың прокурорлары және өңірлік полиция департа­мент­терінің бастықтары қатысты.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзі­нің қыр­­күйектегі Қазақстан хал­қына арнаған Жолдауында әлеу­­­меттік-экономикалық да­му­­­дың бірде-бір аспектісі заң үс­тем­дігінсіз және азаматтары­мыздың қауіпсіздігіне кепіл­діксіз сәтті іске асырылмайтынын ерекше атап өтті.

Жалпы, құқық қорғау жү­йесі тиісті міндеттерді орындау­да. Бұл биылғы 10 айдың ішін­де қылмыстық құқықбұзу­шы­лықтарды тіркеудің 2020 жылдың 10 айындағы көрсет­кіші 2019 жылдың осы кезеңі­мен салыстырғанда 32,4 па­йызға азайғанын көрсетеді.

Бұл ретте, қарақшылық са­ны 53,9 пайызға, тонау – 48,5 пайызға, ұрлық – 51,0 пайызға, бұ­зақылық – 41,4 пайызға, зор­лау 36,2 пайызға азайды. Со­ны­мен қатар құқықтық тәр­тіпті одан әрі нығайту мақ­сатында жұмысты жанданды­руды қажет ететін құқық қор­ғау қызметінің бағыттарын анық­тау жұмыстары жалғасуда.

Қатаң карантиндік шектеулер кезеңінде отбасылық-тұрмыстық салада жасалған қыл­мыстық құқықбұзушы­лық­тардың алдын алу, анықтау және жолын кесу мәселелеріне ерекше назар аударылады.

Алаяқтық қылмыс деңгейі әлі де жоғары (27 мыңнан астам құқық бұзушылық). Қыл­мыс жасаудың мынадай тәсілдері кең таралған: теле­фон алаяқтығы және кибер-алаяқтық, сондай-ақ инвес­ти­циялық және өзге де қаржылық қызмет түрлерін сылтау ету арқылы қаржы пирамидаларын құру.

Соңғы жылдары қылмыстың жекелеген түрлеріне (мүліктік қылмыстардың сараланған құрамдары, жыныстық қатынас қылмыстары және т.б.) неғұр­лым тиімді қарсы тұру үшін олар ауыр қылмыстар санатына ауыстырылды.

Ауыр қылмыстарды тір­кеу­дің артуына себеп болған бұл заңнамалық өзгерістер сотқа дейінгі тергеп-тексеру ор­гандарынан тиісті қыл­мыс­тық әрекеттерді ашу, жолын кесу және тергеп-тексеру жұмыстарындағы тәсілдерді жедел қайта қарауды талап етеді. Осыған байланысты Қауіп­сіздік Кеңесінің хатшысы құқық қорғау органдарының бас­шыларына ауыр қылмыс жаса­ған тұлғаларды анықтау жө­ніндегі жұмыстың тиім­ділі­гін арттыру және осындай әре­кеттер бойынша жазаның бұлтарт­пастығын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Әсет Исекешев азамат­тар­дың көпшілігіне біле тұра мү­ліктік залал келтіруге бағыт­талған алаяқтықтың алдын алу және уақтылы жолын кесу қа­жет­тігіне ерекше назар аудар­ды.

Талқылау барысында жер­гілікті атқарушы органдардың басшылығына азаматтардың қауіпсіздігіне неғұрлым теріс әсер ететін қылмыс түрлері бо­йынша алдын алу шаралары­на ерекше назар аудару ұсы­нылды (көшеде және өзге де қоғамдық орындарда жаса­латын пайдакүнемдік-зор­лық қылмыстар, кәмелетке толма­ған­дарға қарсы, сондай-ақ олар­ды қылмыстық іске тар­ту­мен байланысты қылмыс­тар). Сонымен қатар Қауіп­сіз­дік Кеңесінің хатшысы Әсет Исе­кешев кеңеске қатысу­шы­ларға жол қозғалысы қауіп­сіз­дігін қамтамасыз ету жұмыс­тарын жалғастыруды тапсырды.

2020 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша жол-көлік оқиғаларының саны (13 391-ден 10 408-ге дейін не­месе 22,3 пайызға) және онда жа­ра­қаттанған (17 797-ден 13 599-ға дейін немесе 23,6 пайыз­ға), қаза тапқан (1 846-дан 1 524-ке дейін немесе 17,4 пайыз­ға) тұлғалардың саны едәуір азайғаны тіркелді. Алай­да бұл негізінен, қатаң ка­ран­тин­дік шектеулер кезеңінде көлік қатынасы қарқынының төмен­деуіне байланысты.

Еліміздің жолдарындағы жол-көлік оқиғалары салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендердің саны әлі де көп. Көлік жүргізушілерінің жол тәртібі сақтамауына және жол желі­сі қауіпсіздігінің тө­мен дең­гейіне байланысты проб­ле­ма­лар сақталуда. Осы ретте ке­ңеске қатысушылардың ой-пікірі заңға бағынуды насихаттау және қалалар мен ірі елді мекендердегі көше-жол желісін реттеу проблемаларын шешу үшін бірлескен шаралар қабылдауға бағытталды.

Жиын соңында Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы еліміздегі құқықтық тәртіпті жақсарту, азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік беру және қоғамдағы қылмыстық деңгейді төмен­де­ту үшін қарастырылған мәсе­лелердің маңыздылығын атап өтті.