• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Спорт 07 Желтоқсан, 2020

«World Athletics» сыйлығының иегерлері анықталды

122 рет
көрсетілді

2020 жылдың қорытындысы бойынша әлемнің ең үздік жеңіл атлеттері анықталып, теңдессіз деп танылған спортшыларға «World Athletics» сыйлығы табыс етілді.  

Ерлер арасында 21 жастағы Арман Дюплантис дара шықты. Ол АҚШ-тың Луизиана штатында туып-өскенімен, біраз уақыттан бері Швецияның туы астында өнер көрсетуде. Арманның сырықпен секіруден әлем чемпионатының күміс жүлдегері және Еуропа чемпионы деген атақтары бар. Одан бөлек, ол жастар буыны арасындағы жарыстарда да сан мәрте жеңіс тұғырына көтерілді. Үстіміздегі жылдың ақпан айында Шотландияның Глазго қаласында өткен халықаралық турнирде Дюплантис 6 метр 18 сантиметрге секіріп, әлемдік рекордты жаңартты.

Әйелдер Юлимар Рохастың бақ жұлдызы жанды. 25 жастағы Венесуэланың өкілі биыл үш қарғып секіруден төрт бірдей дүбірлі додада дара шығып, жабық ғимараттағы әлемдік рекордқа (15 метр 43 сантиметр) өзгеріс енгізді. Рохас – Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионаты мен жабық ғимараттағы әлем біріншілігінің екі дүркін жеңімпазы.